Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда мемлекеттік қызметшілерге қосымша бонустар төленеді

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілерге қосымша бонустар төленеді

Ұлттық экономика министрлігі «Әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Үкімет қаулысының жобасын дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құжат мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге олардың жұмысын бағалау нәтижелері бойынша ақшалай сыйақы төлеу тәртібін бекітуді көздейді.
Мәселен, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне бонустар төлеу «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне сәйкес жүргізілетін бағалау нәтижелері негізінде тағайындалады.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне бонустар төлеу «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесіне сәйкес жүргізілетін бағалау нәтижелері негізінде тағайындалады.
Бонустарды төлеу мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесінде бонустық қорды қалыптастыруға көзделген қаражат есебінен жүргізіледі.
Бұл ретте бонустар жыл қорытындысы бойынша төленеді.
Әкімшілік мемлекеттік қызметшіге ол сынақ мерзімін аяқтаған және есепті кезеңде оның қызметін бағалау басталған күнге кемінде үш ай мемлекеттік қызметте жұмыс істеген жағдайда бағалау нәтижелері бойынша бонус төленеді деп көзделуде.
Әкімшілік мемлекеттік қызметші бір лауазымнан мемлекеттік орган ішіндегі немесе бір мемлекеттік органнан басқа мемлекеттік органға бір жыл ішінде басқа лауазымға ауысқан кезде бонус ол бұрын атқарған лауазымындағы нақты жұмыс істеген уақытына, сондай-ақ талаптарға сәйкес келген жағдайда жаңа атқарған лауазымы бойынша пропорционалды түрде есептеледі.
Құжат 3 қазанға дейін жария талқылау үшін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.
«А» корпусына комитеттердің төрағалары, жауапты хатшылар, аппарат басшылары, сондай-ақ облыстар, Астана, Алматы, Шымкент әкімдері аппараттарының басшылары кіреді.
«Б» корпусына «А» корпусына енгізілмеген орындаушы мемлекеттік қызметшілер, оның ішінде Парламент палаталары аппаратының, Премьер-Министр Кеңсесінің, Конституциялық Кеңес аппаратының, Ортсайлаукомның және т. б. қызметкерлері жатады.
19 қыркүйек 2022 ж. 346 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031