Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Келесі президент өкілеттік мерзімді өзгерте алмайды - министр айтты

Келесі президент өкілеттік мерзімді өзгерте алмайды - министр айтты

Әділет министрі Қанат Мусин келесі президенттің де, келесі парламенттің жаңа мүшелері де президенттік басқару мерзімін және бір реттік басқару заңын өзгерте алмайтындығын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Президенттің басқару мерзіміне қатысты енгізілген түзетулерді ешкім өзгерте алмайды. Қанат Мусин Конституцияға өзгеріс енгізілмейтін бөлімдерді атап өтті.
“Президенттік өкілеттік жеті жылға жалғасады және бір рет президент болған адам қайта сайлауға түспейді. Конституцияның ережелері өзгеріссіз қалады және оны ешкім өзгерте алмайды” – деді ол.
Конституцияның 94 бабы 1-ескертуде өзгертілмейтін ережелер туралы норма бар. Онда елдің аумақтық тұтастығы, Қазақстанның егемендігі, басқару нысаны туралы ережелер жазылған. Енді мұнда президенттік өкілеттік мерзіміне қатысты түзетулер енгізіледі.
"Бұл норманы өзгерту мүмкін емес. Норманың өзгермеуін Конституциялық сот қадағалайды", - деп түсіндірді министр.
Алайда бұл норма астана атауына қатысты емес. Министр астана атауы өзгере алатынын атап өтті.
16 қыркүйек 2022 ж. 361 0

Берекелі жәрмеңке

09 желтоқсан 2025 ж. 123

Құрылыста қам қалай?

09 желтоқсан 2025 ж. 77

Су деңгейі бақылауда

09 желтоқсан 2025 ж. 35

Қос кездесу

09 желтоқсан 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031