Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Келесі Президент Конституцияға өзгерту енгізе ала ма?

Келесі Президент Конституцияға өзгерту енгізе ала ма?

Келесі Президент Конституцияға өзгерту енгізе ала ма? Бұл сауалға ҚР Әділет министрі Қанат Мусин жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін БАҚ өкілдері министрден: «Келесі Президент Конституцияға өзгерту енгізе ала ма?» деп сұраған еді.
«Конституцияда Конституцияны «неше рет өзгертуге болады, қашан өзгертуге болады» деген норма жоқ. Ол қоғамның дамуына байланысты. Сондықтан, әрине өзгерту енгізуге болады», - деп жауап берді Қанат Мусин.
Сонымен қатар ол келесі Мемлекет басшысы президенттік мандатының мерзімін және бір рет қана сайлану құқығына қатысты норманы өзгерте алмайтынын баса айтты.
Айта кетейік, бүгін депутаттар «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» ҚР Заңын қабылдады.
Оған сәйкес, Президенттің мандаты қайта сайлану мүмкіндігінсіз бір мерзімге шектеліп, жеті жыл мерзімге ұзартылады; Нұр-Сұлтан қаласының атауы қайтадан Астана болып өзгереді; Конституциялық Сот судьяларының өкілеттік мерзімі 8 жылға дейін ұлғайтылады.
16 қыркүйек 2022 ж. 275 0

Берекелі жәрмеңке

09 желтоқсан 2025 ж. 123

Құрылыста қам қалай?

09 желтоқсан 2025 ж. 77

Су деңгейі бақылауда

09 желтоқсан 2025 ж. 35

Қос кездесу

09 желтоқсан 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031