Қазақстандықтар Мәжіліс депутаттарын сайлай алады
Қазіргі уақытта әзірленіп жатқан конституциялық заңдарға енгізілген жаңа өзгерістер қазақстандықтарға Парламент Мәжілісіне 29 депутат сайлауға мүмкіндік береді. Бұл туралы Әділет министрі Қанат Мусин айтты.
«Парламент бөлігіндегі реформада алға қойылған бірінші және ең басты мәселе – депутаттарды сайлау жүйесінің өзгеруі. Егер қазір Мәжіліс депутаттары партиялық негізде сайланатын болса, енді депутаттардың 30%-ы аумақтан, ал 70%-ы партиялық тізімдер арқылы сайланады. Жаңа өзгерістер Қазақстан азаматтарына Мәжіліске аумақтық сайлау округтерінен 29 депутатты тікелей сайлауға мүмкіндік береді», – деді Қ.Мусин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.
Министрдің айтуынша, өз міндеттерін, сайлау алдындағы уәделерін орындамаған депутат өзінің депутаттық мандатынан айырылуы мүмкін.
VII шақырылым депутаттарының өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін сайлау жаңа жүйе бойынша өткізіледі», – деп түйіндеді ол.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат