Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елде жыл соңына дейін оқулықтар цифрлық форматқа көшіріледі - Бағдат Мусин

Елде жыл соңына дейін оқулықтар цифрлық форматқа көшіріледі - Бағдат Мусин

Үкімет отырысында технологиялық серпіліс ұлттық жобасын талқылау кезінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жыл соңына дейін оқулықтар толықтай цифрлық форматқа көшірілетінін айтты, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.
"Білім беруді цифрландыру бойынша маңызды жобалардың бірі – оқулықтар портфелін цифрлық форматқа көшіру. Бүгінде қолда бар 670 оқулықтың 97 пайызы цифрлық форматқа көшірілді. Жыл соңына дейін 100% цифрланады", – деді Бағдат Мусин.
Оның айтуынша, жалпы ауылдағы мектептерге дейін интернет инфрақұрылымы толық жеткізілді.
"Алайда мектеп ішіндегі интернетті тарату желілерінің болмауынан ауыл мектептерінде білім беру үдерісін цифрландыру төмен деңгейде болып отыр. Осыған орай әкімдіктер оқу процесінде интернетті 100% пайдалану мақсатында мектеп ішінде интернетті тарату желілерін қамтамасыз ету керек", – деп түсіндірді министр.
Сонымен қатар Бағдат Мусин медицина саласына да тоқталды.
"Мемлекет басшысы денсаулық сақтауды цифрландыру өте баяу жүріп жатқанын атап өткен болатын. Мұнда біз Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп eHealth электронды денсаулық сақтаудың жаңа архитектурасына көшу бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Бұл азаматтардың ұлттық денсаулық паспортын құруға мүмкіндік береді. Онда адамдар медициналық қызмет көрсету орнына қарамастан, барлық диагноздарды, талдауларды және басқа да ақпаратты көре алады. Мұнда Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметті қашықтан белсенді пайдалануға ынталандыратын тиісті құқықтық актілерді қабылдау қажет", – деді ведомство басшысы.
13 қыркүйек 2022 ж. 322 0

Ғайып болған елес ауыл

14 мамыр 2024 ж. 135

Қамыс басындағы қыз

14 мамыр 2024 ж. 122

Қарақұмға қой көшкенде

14 мамыр 2024 ж. 105

Аналар ардақталған күн

14 мамыр 2024 ж. 121

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031