Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көпті алаңдатқан автотұрақ

Көпті алаңдатқан автотұрақ

Жуырда аудан орталығындағы Әйтеке би көшесі, базар маңындағы такси тұрақтаған жолдың бойы сызықпен белгіленіп, тұрақ ақылы деген белгі қойылды. Бұл іс сол маңайдан нәпақасын іздеген такси жүргізушілері мен дүйім жұрт наразылығын тудырды. Көп кідірмей оқиға орнына барып, мән-жайды білген едік.
Мәселен 2021 жылы бастау алған.Белгілі автотұрақты сол жылы«gosreestr.kz» веб-порталы арқылы «Қазалы Керуен» ЖШС 2 жыл мерзімге кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға көшті.Мұның негізгі мақсаты – салық органдарына тіркелмей жұмыс жасап жүрген, яғни, заңсыз жолаушылар тасымалымен айналысатын тұлғаларды анықтап, оларды Заңнамаға сәйкес кәсіпкерілікке тіркету мен салықтандыруды ұйымдастыру.
Алайда базар маңын автотұрақ етуге осы маңайдағы жолаушылар тасымалымен айналысатын қауым түбегейлі қарсылық білдіруде. Себебі тірнектеп тапқан табысын не көлік майына, не бала-шағаға жеткізе алмайтындарын айтып ашынады.
– Мен жолаушылар тасымалымен айналысып жүргеніме биыл 5-ші жыл. Базар маңы күнделікті үйреншікті орын. Тиісті құжатымыз да бар. Әдеттегідей нәпақа табуға шыққан едім, жол бойындағы «ақылы тұрақ» белгісін көріп аң-таң болдым. Оған себеп көп. Біріншіден, бұл маң орталық көше. Екіншіден, автотұрақ ақылы болуы үшін автокөліктерге тиісті жағдай жасалуы керек. Жауын-шашыннан, түрлі табиғи құбылыстан қорғай алатындай, қолайлы орын болуы қажет.
Ал жауаптылардың бар жасағаны көше бойындағы сызық. Шындығына келер болсақ, мұның барлығы орынсыз. Әділетті Қазақстанды құрамыз деп жүргенде, бұл не қылғаны? Бұл үлкен мәселені құзырлы орын мамандары мен ауданның атқамінерлері қайта қарауын сұраймыз, – дейді атын атамауды сұраған жүргізуші.
Әлеуметтік желіде елді дүрліктірген бейнебаяндар да жұртшылық назарына ілігіп, қалың жұрт оқиға орнына тиісті орын қызметкерлерін шақырған болатын. Жеделдетіп жеткен мамандар автотұрақ заңдылықтарымен тұрғындарды толығырақ таныстыра кетті.
– Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18-бабының 1-тармағы 18 тармақшасында аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды делінген.
Қазіргі таңда аталған серіктестік тарапынан Қазалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына уақытылы тиісті есептіліктер тапсырылып келеді.
Бүгінгі күні жоғарыда тиісті серіктестікке сенімгерлік басқаруға берілген ақылы автотұрақтың 5-не 5.14 «Жеңіл таксилердің тұрақ орны» белгілері орнатылып, көлік тұруға арналған жол сызықтары сызылған.
Сондай-ақ серіктестік тарапынан қалаішілік автокөліктерден ешқандай төлемақы алынып отырмағандығы ескертілсе, бұдан басқа салық органдарына тіркелмей жолаушылар тасымалымен айналысып жүрген тұлғаларды салық органына тіркету мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар Әйтеке би көшесі, базар маңында орналасқан автотұрақтардан төлемақы алынбайды, – дейді мамандар.
Біздің елдің тұрғындары өзге мемлекеттердей емес, Заң аясында сөз қозғалса, сәл күмілжіп қалатыны рас. Алайда «халық ол тараптан қараңғы екен» деп әгугайдың әнін сала беруге де болмайды. Осы орайда бір қуантатыны қос тарап өгізді өлтірмеу мен арбаны сындырмаудың жолын тауып, бір мәмілеге келді. Ал көптен бері ретсіздікке ұшырап тұрған базар маңы бүгінде жинақы, тұрақтаған көліктер ешкімге кедергі етпейтіндей-ақ тұр.
Тағы айта кететіні, ел арасында жалған ақпарат таратып, «тұрақ ақылы» деп көпті арандатуды көздеген жандардың әлі күнге дейін аузы тыйылар емес. Бүгінде жалған ақпарат таратудың да Заң аясындағы өзіндік жауапкершіліктері бар екендігін естен шығармайық.

Серік АҚМЫРЗА
13 қыркүйек 2022 ж. 410 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031