Түсініктеме жұмыстары жүргізілді
Аудан көлемінен басқа қала, аудан орталықтарына, аудан орталықтарынан елді мекендерге қатынап такси тасымалымен айналысатын кәсіпкерлерді толығымен тіркеу бойынша түсініктеме жұмыстары жүргізілді.
Аудандық тиісті бөлімдер, жергілікті полиция, Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы, аудандық кірістер басқармасы мен аудандық ішкі саясат қызметкерлерінен құрылған жұмысшы топ тарапынан такси қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар түсініктеме жұмыстары жүргізілді. Жұмыс барысында такси жүргізушілеріне тиісті жұмыс басталғаны туралы хабарлама жасау заңдылықтарын орындау жөнінде әрбір жүргізушіге ескертпе парақшалары таратылды. Алдағы уақытта такси жүргізушілері тарапынан «Рұқсаттар мен хабаламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қызметтің басталғаны туралы хабарлама жіберілмеген жағдайда Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексімен тиісті шара қабылданатыны сонымен қатар, адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысында ереже талаптарына сәйкес, таксимен жолаушыларды тасымалдаушылардың белгіленбеген орындарда тұруын болғызбау, жұмысты бастамас бұрын автокөліктің техникалық, жүргізушілердің медициналық қарап тексеруден өту міндеттілігі туралы кеңінен насихатталды.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат1