Қазалыда Жолдау жүктеген міндеттер талқыланды
Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауынан туындайтын міндеттер мен тапсырмаларын іске асыруға арналған мәжіліс өткізді.
Аудан басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар нақтыланып, алдағы міндеттерді айқындап бергенін жеткізді.
«Жолдауда айтылған барлық бағдар бойынша нақты шаралар қабылдап, сапалы іске асыруға тиіспіз. Аудан бойынша 7 ай қорытындысымен барлық негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім қалыптасты», – деді Мұхтар Оразбаев.
Басқосуда аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Талайлы Бөріқұлақов, партия және еңбек ардагері Қасқырбек Мәмбетжан, Ы.Алтынсарин атындағы №204 мектептің директоры Ләззат Ізбасқанова Жолдауда көрсетілген міндеттер ел экономикасына серпін беретінін жеткізіп, ұсыныстарын ортаға салды.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев бірқатар бөлім, мекеме басшыларына, кент, қала және ауылдық округ әкімдеріне Жолдаудан туындайтын міндеттер орындауға байланысты тапсырма берді.