Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Білікті басшы, іскер ұйымдастырушы

Білікті басшы, іскер ұйымдастырушы

Білім саласында ширек ғасырлық тәжірибесі бар білікті басшы Эльмира Сматуллаева жаңа оқу жылы қарсаңында мәртебе мінберінен көрінді. Қазір ұлағатты ұстаздың кеудесінде «Ы.Алтынсарин» атындағы төсбелгі жарқырайды. Бұған дейін де бірнеше рет биік белестерді бағындырып, құрметке бөленіп үлгерген ұстаздың бұл жетістігі ауыз толтырып айтуға тұрарлық.
Эльмира Айтжанқызы бала күнінен мектеп комсомол комитетінің секретары, аудандық комсомол комитетінің бюро мүшесі, пәндік олимпиаданың жеңімпазы, облыстық комсомол жастар конференциясының, мектеп оқушыларының республикалық слетінің делегаты болды. Еңбек жолын 1990 жылы №14 теміржол балабақшасында тәрбиеші болудан бастаған. 1991-1995 жылдары А.С.Пушкин атындағы Орал педагогика институтының филология факультетінде оқып, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша үздік дипломмен бітіріп шыққан. Әр жылдары №17 теміржол орта мектебінің мұғалімі, «Серік ТВ» телеарнасының жүргізушісі, Батыс Қазақстан гуманитарлық университетінің оқытушысы, №226 мектеп-гимназия мұғалімі, оқу ісі жөніндегі орынбасары, №249 мектеп-лицей директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс жасады. 2013 жылдан бері №17 мектеп директоры қызметін атқарып келеді.
Бірнеше рет аудан, облыс әкімінің Құрмет грамотасының және Алғыс хатының иегері. Аудандық білім бөлімінің және облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталған. Облыстық «Үздік ұстаз», «Үздік сынып жетекшісі» бағамдарына ие болған. Халықаралық «Лучшее люди» энциклопедиясының «Славные сыны и дочери Казахстана» рубрикасына енген. Облыс әкімінің арнайы қабылдауында болып, бағалы сыйлыққа ие болған. Ұлттық Бизнес-Рейтингі қорытындысымен «Сала көшбасшысы – 2014», «Сала көшбасшысы – 2015» бағамдарына лайық деп танылды.
Республикалық «Жыл сынып жетекшісі – 2001» сайысына қатысып, ІІ орын иемденген. Аудандық «Үздік оқу ісінің меңгерушісі – 2011» сайысының І орын иегері. Шығармашылыққа жаны жақын ұстаздың Академик Т.Тәжібаевтың 90 жылдығына арналған республикалық ғылыми- теориялық конференцияда жасаған «Сырлы сөз һәм ырым-тәрбие құралы» атты баяндамасы арнайы жинақта жарық көрді. «Тәуелсіздік және қазақтың қайраткер қыздары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарының жинағына «Сарабдал саясаткер, рухани сәулеткер» атты мақаласы жарияланды. Бірнеше жыл «Жантану мәселелері» республикалық журналының этнопсихология айдарының жүргізушісі болды. Облыстық педагогикалық оқуда «Қазақ тілі сабақтарындағы ұлттық тағылым нақыштары» атты баяндамасы Құрмет грамотасымен марапатталды.
Шәкірті С.Қуанышбаева халықаралық «Жас тілшілер» форумының лауреаты, үш дүркін облыстық олимпиада жеңімпазы, «Ұлан» газетінің меншікті тілшісі, республикалық қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен өткен олимпиадада ІІІ орын иегері атанса, Г.Бозғұланова екі дүркін облыстық олимпиада жеңімпазы, Абай – Пушкин жылына арналған облыстық шығармалар байқауында ІІ орын иемденді. И.Құттымұратова облыстық олимпиаданың жеңімпазы. Н.Бұрхан аудандық, облыстық олимпиаданың жеңімпазы. Ж.Жалғас республикалық «Жарқын болашақ – 2011» олимпиадасының ІІ кезеңінің жүлдегері. Қ.Шарападин қазақстандық интернет олимпиаданың ІІ орын иегері.
Эльмира Айтжанқызы Сорос-Қазақстан қоры Демократиялық білім беру орталығы өткізген халықаралық семинарға қатысып, АҚШ ғалымдары Кен және Йетта Гудманның дәрісін тыңдап қайтты. Тараз қаласында өткен республикалық семинарға қатысушы. Ол облыстық, республикалық деңгейде сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша шығармашылық сабақтар көрсетті. Үздік мұғалім ретінде облыстық «Жыл мұғалімі», «Жыл сынып жетекшісі» байқаулары мен облыстық олимпиадада қазылар алқасының құрамында төрелік жасады. Халық педагогикасы төңірегінде зерттеу жұмыстарымен үздіксіз айналысады. 2000 жылы СТО технологиясы бойынша, 2002 жылы М.Жанпейісованың МОТ бойынша, 2015 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж универститетінің Білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген ҚР жалпы білім беру басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша курстан өтіп, сертификатталды. 2014 жылы «Қазақстан ұстазы» энциклопедиясына еніп, «Қазақстан ұстаздары» қоғамдастығының мүшелігіне қабылданды. 2017 жылы «Абай аманаты» төсбелгісімен Қазалы қаласынының атауына 150 жыл толуына орай мерекелік медальмен марапатталды. 2017 жылы «Сыр елінің ұлағатты ұстаздары» атты энциклопедияға енді. 2018 жылы Елбасының «Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында жарық көрген Сыр өңірі педагогикасының дамуы мен өркендеуіне сүбелі үлес қосқан үздік педагогтардың І облыстық «200 жылдық тарихы бар Сыр өңірі педагогикасындағы қадірлі 200 есім» антологиясына ғұмырнамасы енген үшін дипломмен марапатталды. 2019 жылы ұстаз мәртебесін көтеру және ынталандыру мақсатында қашықтықтан «NOBEL EDUCATION» халықаралық педагогикалық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген, «Білім берудің жарқын болашағына арналған құндылықтар, әл-ауқаттылық және иновация» тақырыбындағы халықаралық конференциясына қатысып, «Абай 175 жыл» төсбелгісімен, Құрмет грамотасымен марапатталды.
IT – білімді дамыту, қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту мақсатында ұйымдастырылған «Үздік сандық білім беру ресурсы - 2019» тақырыбында өткен аудандық байқауында жаңартылған білім беру мазмұны аясында 5-7 сыныптарға арналған «Өлкетану» курсының оқу бағдарламасына сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша үздік бейнеролик әзірлеп, жүлделі І орын иеленді. «Қазақ тілі пәнінен 10-сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспарлар» әдістемелік құралына сабағы жарияланды. 2020 жылы білім алушылардың көркем және танымдық әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға арналған цифрлық ресурстарды құру үшін педагогтердің ақпараттық-медиа құзыреттіліктерін дамыту мақсатында «Оқуды ілгерілетудің заманауи цифрлық ресурстары» тақырыбында өткізілген облыстық онлайн буктрейлер байқауында «Абай әлемі» аталымы бойынша І, республикалық байқаудан ІІ орын алды.
Орта білім беру директорлары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары арасында өткен «Табыс кілті» Республикалық онлайн ғылыми жұмыстар конкурсына белсенді қатысқаны үшін Алғыс хат және сертификатпен марапатталды. «Nobel education» халықаралық педагогикалық орталығының «Білім берудің жарқын болашағына арналған құндылықтар, әл-ауқатылық және инновация» атты республикалық үздік ұстаздар жинағына мақаласы мен сабағы жарияланып, арнайы диплом мен сертификат және куәлік иеленді. 2020 жылы жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» республикалық қашықтықтан жарнамалық бейнероликтер байқауында оқушысы А.Тағыберген сертификат иеленді.
2021 жылы «Өркениет» Қазақстан республикасы педагогтарының біліктілігін арттыру және қайта даярлау әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Дарынды ұрпақ» атты республикалық ғылыми жобалар байқауында үздік нәтиже көрсеткені үшін оқушысы А.Шахарова І Дәрежелі дипломмен марапатталды. «Үздік қазақ тілі мен әдебиеті пәні – 2021» атты облыстық кәсіби байқауында үздік нәтиже көрсеткені үшін І дәрежелі дипломмен марапатталды. «Филологиялық білімді модернизациялау жаңартылған білім беру аясында» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда «Тұлғаның құндылық бағдарын дамытудағы сынып жетекшінің қызметі» туралы баяндама жасады. «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында ақпараттық – коммуникативтік технологияны қолдану» туралы әдістемелік құралы жарық көрді.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА

02 қыркүйек 2022 ж. 252 0

Музей – тұнған тарих

18 мамыр 2024 ж. 87

Бегім ана берген сый

18 мамыр 2024 ж. 136

ҰБТ: қам қалай?

18 мамыр 2024 ж. 92

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031