Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев Әзірбайжан президентін "Алтын Қыран" орденімен марапаттады

Тоқаев Әзірбайжан президентін "Алтын Қыран" орденімен марапаттады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы екіжақты саяси, экономикалық және мәдени қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін Әзербайжан президенті Ильхам Алиевті "Алтын Қыран" орденімен марапаттады, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.
Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеу барысында шағын құрамдағы келіссөздің нәтижелі болғанын атап өтті.
“Менің сапарымның бағдарламасында сізді Қазақстан Республикасының ең жоғары "Алтын Қыран" орденімен марапаттау рәсімі де қарастырылған. Қазақстанда сізді көрнекті мемлекет қайраткері ретінде біледі, құрметтейді. Бүкіл әлемге танымал тұлға ретінде сыйлайды. Әзербайжанды тарихи жеңіске жеткізген, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларына сәйкес, территориялық тұтастығын қалпына келтірген әкелген адам ретінде мен бүгін біздің жеке кездесуімізде сізді құттықтадым. Сіз мемлекеттеріміздің көпжақты, көпқырлы ынтымақтастығын дамытуға зор үлес қосып келесіз. Барша қазақ халқының атынан құрмет белгісі ретінде бүгін сізге "Алтын Қыран" орденін табыс еткім келеді", – деді Тоқаев.
Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев өз кезегінде Қазақстанның ең жоғары орденімен марапатталуын зор абырой деп санайтынын және алдағы уақытта да достық және бауырластық қарым-қатынасты дамытуға үлес қосу үшін барлығын жасайтынын мәлімдеді.
“Біздің халықтарымызды тарихымыз, ортақ тамырымыз байланыстырады. Бүгінгі таңда егемендік жолымен сенімді қадам басып келе жатқан екі тәуелсіз мемлекет - Қазақстан мен Әзербайжан экономикалық дамудың және әлеуметтік мәселелерді шешудің жоғары қарқынын көрсетіп келеді. Әлемдік аренада біздің елдеріміздің беделі артып келеді.
Мен бұл марапатты бүкіл әзірбайжан халқына деген құрметтің белгісі деп білемін. Сіздің қолыңыздан осы марапатты алу мен үшін зор абырой. Сіз жүзеге асырып жатқан реформалар курсын толық қолдайтынымды тағы бір рет айтқым келеді. Сіз жүргізіп отырған саясат Қазақстан халқының ұлттық мүддесіне толық жауап береді. Алға қойған мақсаттарыңыздың бәрі орындалатынына сенімдімін", – деді Әлиев.
24 тамыз 2022 ж. 590 0

Санамдағы сағыныш

06 қыркүйек 2025 ж. 146

Екінші орынды еншіледі

06 қыркүйек 2025 ж. 138

Баспана һәм байыпты бастама

06 қыркүйек 2025 ж. 125

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930