Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қасым-Жомарт Тоқаев ұмра қажылығын өтеді

Қасым-Жомарт Тоқаев ұмра қажылығын өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ислам әлемі үшін қасиетті мекен – Мекке қаласында ұмра немесе кіші қажылығын өтеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy “Борт №1” Telegram-каналына сілтеме жасап.

«Президент Қағбаның ішіне кіру мәртебесіне ие болды. Оның есігі ерекше жағдайларда және аса сыйлы қонақтарға ғана ашылады. Бұл Сауд Арабиясы басшылығының Қазақстан Президентіне көрсеткен зор құрметін білдіреді», - делінген Ақорданың баспасөз хабарламасында.

Айта кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясына жұмыс сапарымен барды. Қазақстан Президентін «Каср ас-Салам» король сарайында ресми қарсы алу рәсімі өтті.

Келесі күні Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының іскер топ өкілдерінің қатысуымен өткен инвестициялық дөңгелек үстелге қатысты. Президент экономикалық дамудың болашағына екі мемлекет көзқарастарының ұқсастығын атап өтті. Кездесу нәтижесінде тараптар 13 маңызды құжатқа қол қойды.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының королі Салман бен Әбделәзиз Әл Саудты еліміздің ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Алтын Қыран» орденімен марапаттағаны хабарланды.
25 шілде 2022 ж. 473 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031