Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » DVB-T2 дегеніміз не және оны қалай іске қосуға болады?

DVB-T2 дегеніміз не және оны қалай іске қосуға болады?

Қазақстанда цифрлық эфирлік телехабар таратуға кезең-кезеңімен көшу жүріп жатыр және digital ТВ-ға қатысты ақпараттық роликтер мен материалдарда «DVB-T2» аббревиатурасын естуге, көруге болады. «Бұл не, ол нені білдіреді?» деп кейбір телекөрермендер сұрақ қояды.
DVB-T2 – Digital Video Broadcasting-Second Generation Terrestria деп таратылып оқылады және ағылшын тілінен аударғанда «Екінші буынды цифрлық жерүсті бейнехабар тарату» дегенді білдіреді. Қазақстанда ЦЭТВ бірыңғай стандарты ретінде DVB-T2 еуропалық стандарты таңдалды. Ол жиілік белдеуінде бұрынғыдан гөрі көбірек цифрлық арналарды орналастыруға мүмкіндік береді. DVB-T2 бірдей желілік инфрақұрылым мен жиілік ресурстарында DVB-T-мен салыстырғанда телевизия желілерінің сыйымдылығын кем дегенде 30%-ға жақсартады.

DVB-T2 стандартының артықшылығы – таратылатын пакеттегі арналар санын көбейту, «жергілікті» хабар таратуды ұйымдастыру және жоғары сапалы телевизияны дамыту мүмкіндігі, сондай-ақ, эфир жиіліктерін босату.

Абоненттік құрылғыларда DVB-T2 стандартын қолдану цифрлық эфирлік телехабар тарату желілері арқылы қосымша қызметтер мен HDTV енгізуге мүмкіндік береді. Біздің еліміз біртіндеп ЦЭТВ-ға толық көшетіндіктен, қазақстандықтарға өздерінің теледидарлары DVB-T2 стандартын қолдайтынын-қолдамайтынынтексеру керек.

Теледидар DVB-T2 стандартын қолдайтынын қалай білуге болады?

Ол үшін нұсқаулықты ашасыз, техникалық сипаттамалар бөлімінде цифрлық стандартты қолдау тармағын іздейсіз. Онда – DVB-T/T2 MPEG-4 деп жазылып тұруы тиіс. Немесе сіз Яндекс.Маркет сайтына кіре аласыз. Іздеу өрісіне өзіңіздің теледидар үлгісін енгізесіз. Пайда болған бетте «барлық сипаттамалар» түймесін басасыз. Әрі қарай «сигналды қабылдау» тармағын іздейсіз. Егер сіздің теледидарыңыз цифрлық эфирлік стандартты қолдаса – DVB-T/T2 MPEG4 жазылуы керек.

Көптеген жаңа теледидарлар DVB-T2 стандартын қолдайды. Егер сіздің теледидарыңыз 2013 жылдан ертерек шығарылған болса, DVB-T2 цифрлық қабылдағыш сатып алу керек. Оны ресивер немесеTV-тюнер деп те атайды. Сондай-ақ, дециметрлік антенна қажет. Ресиверді қосу арқылы антеннаны күйге келтіру оңай. Ол үшін:

– тиісті антеннаны таңдаңыз;

– қажетті опциялар жиыны бар TV-тюнер таңдаңыз;

– қосылу схемасына сай коммутация жасаңыз.

Қандай антенна таңдау керек?

Бөлме және далаантенналары болады. Тұрғын үй кешендерінің тұрғындары бірігіп,бір үйге бір антенна қоя алады. Телемұнара үйге тікелей көрініп тұса, қаладағы жеке үйлерде бөлме антеннасын қолдануға болады. Телемұнарадан алыс орналасқан үйлердің тұрғындары үшін дала антеннасы қолайлы.

Цифрлық ТВ үшін қандай ресиверді таңдау керек?

Ресиверлерге таңдау өте үлкен, бірақ цифрлық ТВ қосу үшін бір ғана факт маңызды – DVB-T2 стандарты. Қалған жағынан ресиверлер қосылу тәсілімен (RCA, HDMI,SCART және т.б.), сондай-ақ, қосымша опциялармен ерекшеленеді. Жалғама құралдың (приставка) толық жиынтығына қоректендіру блогы, қашықтан басқару пульті, нұсқаулық кіреді. Қоректендіру блогы сыртқы немесе кіріктірілген болуы мүмкін. Сыртқынысынған жағдайда ауыстыруға болады, ал кіріктірілген түрінің қолданыс тиімділігі төмендеу.

Антенна мен DVB-T2 цифрлық жалғама құралды қалай іске қосуға болады?

Ең алдымен, ең жақын мұнараның орналасқан жерін анықтау керек. Ол үшін онлайн қызметтерді пайдаланыңыз. Сізге ең жақын ЦЭТВ тарату нүктесін www.tsetv.kz сайтынан табуға болады.

ЦТВ қамту картасын қолдана отырып, сіз өзіңіздің арналар пакетіңіздің берілу жиілігін қарай аласыз, қасында хабар таратуда, күтуде деген мәртебелер көрсетіледі.

Осыдан кейін антеннаның бекітілетін жері мен тәсілін анықтап алыңыз. Тарату сапасын жақсарту үшін дала антенналарын сигнал көзіне бағыттау керек. Антеннаны балконға немесе терезе жақтауына бекітіңіз. Әрі қарай кәбілді үйдің ішіменцифрлық қабылдағышқа дейін тартамыз.

Антеннаны цифрлық ресиверге қалай қосуға болады?

Теледидарды желіден өшіріп, ашанырозеткадан ажырату керек.

Антеннадан шығатын, өзіңіз таңдаған RCA немесе HDMI кәбілдің бір ұшын қабылдағышқа, екіншісін теледидарға қосамыз.

Теледидарды желіге, яғни ашаны розеткаға қосыңыз. Теледидардағы немесе пульттегі ON батырмасын басыңыз. AV, HDMI сигнал көзін таңдаңыз. Ресивердің мәзір терезесі пайда болуы керек. Пультте бұл батырма SOURCE, TV/VIDEO, INPUT деп аталуы мүмкін. Жалғама құралдың пультін алып, MENU батырмасын басыңыз.

«ІЗДЕУ» мәзірі тармақтарынан«қолмен іздеу» батырмасын таңдаңыз. UHF (DMV) диапазонын орнатуды ұмытпаңыз. Содан кейін сіз қуат және сигнал сапасының шкалаларын көресіз.
Антеннаны әртүрлі бағытқа бұрып көріп, ең жақсы жайғасымды таңдап аламыз да, антеннаны бекітеміз.

Тағы да мәзірге өтіңіз. «ІЗДЕУ» — «Авто іздеу» дегендітаңдаңыз. Арналар автоматты түрде қойылады.

Бүгінгі таңда DVB-T2 таратқыштары Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан, Алматы, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Жетісу облыстарында және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында жұмыс істейді. Бұл, егер сізде тиісті теледидар немесе жалғама құрал болса, республикалық маңыздағы қалалар мен облыс орталықтарында 30-ға жуық, облыс орталығынан төмен жерлерде 15-ке арнаны жуық еш кедергісіз тамаша сапада қабылдауға және көруге болады деген сөз.

Сіз тұратын елді мекенде цифрлық сигналдың бар-жоқтығы туралы сұрақтарменСіз сall-орталыққа қалалық телефоннан 193 және ұялы телефоннан 8 8000 800 193 нөмірлері арқылы хабарласа аласыз – қоңырау шалу тегін.

22 тамыз 2022 ж. 273 0

Байқауда бағы жанғандар

11 желтоқсан 2024 ж. 268

Білім туралы құжаттарды тану

11 желтоқсан 2024 ж. 156

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031