Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізге осынша шығын не үшін қажет?

Елімізге осынша шығын не үшін қажет?

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында аналогты телехабар таратудан цифрлық эфирлік телевизияға көшу жобасы іске асып жатыр. Биылғы маусым айынан бастап дыбыс пен суреттің жаңа сапасы Қостанай, Павлодар мен Алматы облысының тұрғындарына қолжетімді болмақ.

Елді цифрландыру – өте ұзақ әрі қымбат үдеріс. Қымбатқа түсетін болса, аналогтан цифрға өту бізге не үшін керек, ол қандай міндеттерді шешеді? Осы және басқа да сұрақтарды «Қазтелерадио» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары – Коммерциялық директор Дальмира Шигаеваға қойдық. Сарапшының сөзіне сенсек, цифрлық эфирлық телевизия (ЦЭТВ).

Қазақстанның жалпы контент нарығындағы отандық телеарналардың хабар тарату үлесін ұлғайтады. Бұл дегеніңіз, бұрын 4-5 арна көріп отырғандықтан, ресей «тәрелкелерін» қондыруға мәжбүр болған ауыл халқы енді олардан бас тартып, облыстық, республикалық телеарналарды көре алады деген сөз.

Сондай-ақ бұл елдің ақпараттық қауіпсіздігін арттырады. Яғни, көршілес мемлекеттер хабартарататын Қырғызстанмен, Өзбекстанмен және Ресеймен шекаралас аумақтардың тұрғындары да жаңа қазақстандық телевизияға оңай өте алады.

Бұл ретте бейнеконтент талаптар мен сапа бойынша халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Егер бұрындары ол көбіне қала тұрғындарына қолжетімді болса, енді цифрлық хабар таратуға көшкеннен кейін ауылдың әр үйінде 15 шақты отандық телеарна көрсетіледі.
Демек, көрермендер еліміздің аумағында лицензияланбаған, өзге елдердің жерсеріктік операторларынан бірте-бірте бас тартып, қазақстандық хабар тарату операторларын таңдайтын болады.

Тағы бір шешілген, елдің бүкіл коммуникация саласы үшін маңызды міндет – радиожиіліктерді үнемдеу. Аналогты хабар таратуда бір жиілікте тек бір арна ғана трансляцияланса, цифрлық хабар таратуда бір жиілікте 15 телеарна таратылады екен. Цифрға көшу есебінен босатылған жиіліктер коммуникацияның басқа түрлері үшін тиімді жұмыс істейтін болады.
16 наурыз 2019 ж. 1 836 0

Әр түйірінде шипа бар

17 қаңтар 2026 ж. 149

Тағылымға толы жүздесу

17 қаңтар 2026 ж. 166

Тәртіп – тәрбие бастауы

17 қаңтар 2026 ж. 166

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031