Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» мамандарының болжамынша, бүгін ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды baq.kz
Ұлытау облысын найзағай ойнайды. Жел екпіні 15-20 м/с болады.
Қарағанды облысының орталығында, оңтүстігінде және шығысында да найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыс, шығыс желі найзағай кезінде 18-23 м/с жылдамдықпен соғады.
4-6 тамызда Іле Алатауының кей жерлерінде найзағай болады. Оңтүстік-батыс желінің екпіні – 17-22 м/с. Жетісу Алатауында күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыс желі 15-20 м/с дейін соғады. Қырғыз Алатауында кей уақытта қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл соғады. Батыс, оңтүстік-батыс желінің екпіні – 15-20 м/с. Талас Алатауында да кей уақытта найзағай ойнап, дауыл соғады. Жел батыс бағыттан 15-20 м/с дейін соғады.
Батыс Алтайда күндіз кей жерлерде найзағай ойнайды, Тарбағатайда 5-6 тамызда найзағай ойнайды. Шығыс желі, күндіз кей жерлерде – 15-20 м/с.
Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысында 35 градус қатты ыстық күтіледі.
Ақмола облысының оңтүстік жартысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.
Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауып, найзағай түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні – 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде – 15-20 м/с.
Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, дауыл соғады. Жел солтүстіктен, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Тәулік бойы облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыс, оңтүстік-батыстан жел соғады.
#ауа райы #қазгидромет #болжам #синоптиктер