Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның 10 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның 10 облысында дауылды ескерту жарияланды

6 маусымда Қазақстанның 10 облысында дауылды ескерту жарияланды – қатты жаңбыр жауады, жел күшейеді, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін.
Күндіз Атырау облысының оңтүстігі мен орталығында найзағай ойнап, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел, күндіз оңтүстікте және облыс орталығында екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, оңтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, оңтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, шығыста күндіз екпіні 15-20 м/с. Оралда – жаңбыр, кейде қатты, найзағай, бұршақ. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14, күндіз екпіні 18 м/с.

Күндіз солтүстікте, Маңғыстау облысының орталығында – найзағай ойнап, шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел, күндіз солтүстікте, оңтүстікте, облыс орталығында 17-22, екпіні 25 м/с.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстігінде – найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с. Ақтөбеде түнде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Күндіз Түркістан облысының тауларында – найзағай ойнайды. Шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.
Күндіз Алматы облысының таулы аймақтарында – найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың шығысында 15-20, екпіні 25 м/с.

Шығыста, Қарағанды облысының орталығында – найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел, шығыста, облыс орталығында екпіні 15-20 м/с.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында – найзағай ойнайды, тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысында солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында -1°C аяз.

6-7 маусымда күндіз Жамбыл облысының таулы аймақтарында күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аймақтарда 15-20 м/с.
06 маусым 2022 ж. 436 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930