Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » +43 градус: Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады

+43 градус: Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады

"Қазгидромет" РМК дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Экспресс К.

Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай, дауыл, облыстың орталығында шаңды дауыл соғады. Күндіз 43 градус қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі бар.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың шығысында бұршақ жауады.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батысында жел соғады, найзағай кезінде секундына 15-20 метр болады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр болады.
Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауып, облыстың батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл болады.
Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарда секундына 15-20 метр болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда күндіз 40 градус қатты ыстық болады.

Сондай-ақ Жетісу, Түркістан, Ұлытау, Қостанай облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Алматы облысының тау бөктерінде күн қаты ысиды.
25 шілде 2022 ж. 687 0

Әр түйірінде шипа бар

17 қаңтар 2026 ж. 149

Тағылымға толы жүздесу

17 қаңтар 2026 ж. 166

Тәртіп – тәрбие бастауы

17 қаңтар 2026 ж. 166

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031