Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жолдың жайы жақсармақ

Жолдың жайы жақсармақ

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтті.
Мұнда ел Президенті көптің көкейіндегі жүрген біршама түйткілдерге тоқталды. Жұмыссыздық, халықтың табысын арттыру, қосымша білім беру, азық-түлік бағасының қымбатшылығы секілді бірқатар мәселелер жайын сөз етті. Соның ішінде елдегі жолдың жайына баса назар аударды. Мемлекет басшысы өз сөзінде:
– Биыл 11 мыңнан астам шақырым жолға әртүрлі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұған 600 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Жөндеу жұмыстарын созбалаңға салуға болмайды. Жобаларды жүзеге асыру барысын қатаң бақылауға алу қажет. Жолдың сапасына айрықша назар аудару керек, – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Мұнан бөлек автожол саласының мәселесіне де қатысты айтты.
– Бұл салаға түбегейлі реформа жасайтын уақыт жетті. Қазір еліміздегі жолдың жай-күйін қадағалап, қызмет көрсететін екі негізгі оператор бар. Турасын айтсақ, екеуі де бір жұмысты атқарып отыр, жұмысшылардың саны да қажетті шамадан артық. Соған қарамастан, азаматтардан келіп жатқан орынды арыз-шағымдар азаяр емес, ал жолдың сапасы мүлдем сын көтермейді.
Үкіметке "ҚазАвтоЖол" және "Казахавтодорды" біріктіріп, Қазақстанның біртұтас автожол компаниясын құруды тапсырамын, – деді ел Президенті.

Мұрат ӘБСҰЛТАНОВ,
Қазалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы
14 шілде 2022 ж. 515 0

Санамдағы сағыныш

06 қыркүйек 2025 ж. 142

Екінші орынды еншіледі

06 қыркүйек 2025 ж. 133

Баспана һәм байыпты бастама

06 қыркүйек 2025 ж. 120

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930