Бүгін ауа райы қандай болады – синоптиктер болжамы
Синоптиктер 27 маусымға арналған ауа райы болдамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен ҚР басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, күн күркіреп, жаңбыр жауып, солтүстікте, шығыста, оңтүстікте бұршақ, дауыл, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады. Республика бойынша жел күшейеді», - делінген хабарламада.
Атап айтқанда, күндіз Шығыс Қазақстан, Абай, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады.
Күндіз Алматы облысының батысында, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аудандарында өте қатты ыстық сақталады.