Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 9 маусымда Қазақстанда ауа райы қандай болады

9 маусымда Қазақстанда ауа райы қандай болады

Синоптиктер 9 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Жел күшейіп, шаңды дауыл соғады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан аумағының басым бөлігінде әлі де тұрақсыз ауа райы сақталады. Найзағай ойнап, бұршақ жауады. Тек елдің шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республикада жел күшейеді. Оңтүстік-батыста, оңтүстікте, солтүстікте шаңды дауыл соғады.
«Қазгидромет» РМК
Қостанай облысының солтүстік-батысында, батысында күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз батыста, солтүстікте жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында жел екпіні 15-20-23 м/с күшейеді. Түнде шығыста найзағай ойнайды.

Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстікте, батыста, шығыста 15-20 м/с жел соғады. Күндіз оңтүстікте шаңды дауыл болады.

Алматы облысының таулы аймақтарында күндіз найзағай ойнайды, шығыста және таулы аймақтарда жел екпіні - 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында күн күркірейді. Күндіз солтүстікте, оңтүстік-шығыста шаңды дауыл мен 15-20 м/с жел күшейеді.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аймақтарында күн күркіреп, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыста, оңтүстік-батыста, таулы аймақтарда жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыста, солтүстікте Қарағанды облысының орталығында найзағай ойнап, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысында түнде және таңертең жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Орталықта, батыста, солтүстік-шығыста жел 16 м/с күшейеді.

Күндіз Атырау облысының басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл тұрады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с.

Күндіз Түркістан облысының таулы аймақтарында найзағай, көктайғақ, солтүстікте, батыста – шаңды дауыл, таңертең және күндіз солтүстікте, батыста және таулы аймақтарда жел 15-20 м/ с.

Сонымен қатар мына өңірлерде ыстық болады:

Күндіз Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық болады;

Қызылорданың орталығында, батысында, Қарағандының шығысында, Алматының батысында, Қостанайдың оңтүстігінде, Ақтөбе облыстарының шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
08 маусым 2022 ж. 492 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 101

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930