Бүгін елімізде ауа райы қандай болады – синоптиктер болжамы

«ҚР аумағының басым бөлігінде әлі де тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, сондай-ақ бұршақ, дауыл болады. Еліміздің солтүстігінде, оңтүстігінде көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғады», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан және Алматы облысының таулы аудандарында жел күші 15-20, облыстың шығысында екпіні 25 м/с жетеді.
Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында бұршақ, дауыл, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел 15-20 м/с жетеді.
Маңғыстау облысының солтүстік-батысында бұршақ жаууы ықтимал, облыстың оңтүстік-батысында жел күші 15-20 м/с жетеді.
Түркістан облысының таулы аудандарында дауыл, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл соғады.
Күндіз Қызылорда облысының шығысында, Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының солтүстік-шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Қызылорда облысында қатты ыстық болады.
Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Түркістан облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, Жамбыл облысының орталығында төтенше өрт қаупі болады.