Мейірбикелерге құрмет көрстелді

Осы ретте, аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов Қазалы ауданаралық ауруханасына арнайы барып, ақ халатты абзал жандарды 12 мамыр – Халықаралық мейірбикелер күнімен құттықтап, абзал жандарға деген алғыс хаттармен гүл шоқтарын табыстап, құрмет көрсетті.
Мейірбекелермен өткен мерекелік кездесуде Қазалы ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Бақытгүл Әлішева барша мейірбикелерді мерекемен құттықтап, «Ерен еңбектеріңіздің жемісін көріп, ұлт саулығы жолында аянбай еңбек етіп, биік белестерді бағындыра беріңіздер» деген ақ тілегін жеткізді.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат