Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аймағамбетов Білім министрлігін екіге бөлуге қатысты пікір білдірді

Аймағамбетов Білім министрлігін екіге бөлуге қатысты пікір білдірді

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов министрлікті екі ведомствоға бөлу туралы ұсынысқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Қазір бұл шешімді өте тиімді жүзеге асыру міндеті тұр, өйткені білім мен ғылым жүйесінің тиімділігі – ең басты дүние. Біз қажетті жұмыстар атқарамыз", – деді министр.

Оның айтуынша, министрлікті бөлу туралы шешім қазірдің өзінде қабылданған.
"Шешімді бәріңіз естідіңіздер. Шешім бар, айтылды, тиісті түрде қабылданды. Енді осы шешімнің орындалуын ойластыру керек. Білім беру жүйесі осыдан пайда көруі керек. Сол себепті қазір жұмыс істейміз және жұмыс істеп жатырмыз.
Тиісті шешімді кім қабылдайтынын нақты реттейтін заңнама бар (министрлікті бөлу процесі туралы). Бұл ретте үкімет деңгейінде және ел басшылығы деңгейінде министрліктерді құрудың нақты жобасы туралы шешім қабылданады. Сондықтан тиісті деңгейде шешім қабылданып, мұның бәрі одан әрі жұртшылық назарына жеткізіледі деп ойлаймын", – деп қосты Білім және ғылым министрлігінің басшысы.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған сессияда сөз сөйлеген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Білім және ғылым министрлігін екі ведомствоға бөлуді ұсынды.
07 маусым 2022 ж. 302 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930