Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Нұрлыбек Нәлібаев: Биыл облыс тұрғындарының 68% табиғи газға қол жеткізеді

Нұрлыбек Нәлібаев: Биыл облыс тұрғындарының 68% табиғи газға қол жеткізеді

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қазалы ауданына жұмыс сапары аясында Әйтеке би кентіне жақын орналасқан Қазалы қаласын табиғи газға қосу салтанатты шарасына қатысты.

Аймақ басшысы тұрғындарды көптен күткен қуанышымен құттықтап, ақжарма тілегін арнады.

«Облыста барлық аудан орталықтары мен Байқоңыр қаласы «көгілдір отынға» қосылды. Мұнан бөлек, Сексеуіл, Төретам мен Ақай елді мекенін газдандыру кезең-кезеңімен жүзеге асатын болады. Биыл құны 3,2 млрд. теңгеге газдандыру жобасы жүруде. Қызылорда қаласына жақын «Наурыз», «Ж.Махамбетов», Шиелі ауданындағы «Алғабас», «Ақмая» ауылына газ тарту жұмыстары өтуде. Міне, бүгін Қазалы қаласындағы газдандыру жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға беріліп отыр.Биыл жыл соңына дейін ауданға қарасты Жалантөс батыр, Қ,Пірімов, Басықара ауылдары газға қосылады. Нәтижесінде облыс тұрғындарының 68% табиғи газға қол жеткізетін болады. Қазыналы Қазалы қаласына газ берілуімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын. Әр отбасынан жылу кетпесін», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Сондай-ақ, аймақ басшысы алау оты жағылған Махамбетжановтар отбасына барып, қуанышына ортақтасты.

Мердігер мекеме «МБК Құрылыс» ЖШС 1 млрд 26 млн теңгеден астам қаржыға 60 шақырымға жуық құбыр желілерін тартып, газ реттегіш құрылғылар орнатқан.
19 сәуір 2022 ж. 765 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930