Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік рәмізді қастерлеу қатаң бақылауда

Мемлекеттік рәмізді қастерлеу қатаң бақылауда

  Бейсенбі күні аудан әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемовтің төрағалығымен мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссияның көшпелі отырысы өтті. Маңызды шараға облыстық басқарма басшылары, аумақтық департамент және инспекция басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
  Басқосуда тәуелсіз елдің егемендігі мен елдігін әлемге танытатын, әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі саналатын мемлекеттік рәміздерге деген құрмет көрсету жайы сөз болып, олардың өңірдегі насихатталуы мен стандартқа сай қолданылу жайы кеңінен айтылды. Мәселен, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Т.Маханов облыстық инспекциялық топтың жүргізген тексеру қорытындысын егжей-тегжейлі айтып берсе, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ж.Шынтасов Қызылорда облысының білім басқармасына қарасты мекемелердегі мемлекеттік рәміздердің пайдаланылуы және насихатталу барысына тоқталды. Ал, аудан әкімі М.Ергешбаев Қазалыдағы мемлекеттік рәміздердің қолданылуы және насихатталуы жайында баяндама жасап, атқарылған жұмыстарды тілге тиек етті.
  – Әрбір тәуелсіз ел мемлекеттік Туының, Елтаңбасының, Гимнінің мәртебесін көтеріп, оны кеңінен насихаттауы тиіс. Себебі, мемлекеттік рәміздер – саяси тәуелсіздіктің және егемендіктің нышаны, елдігіміздің ең басты белгісі,– деген облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов бұл бағыттағы жұмыстар ерекше бақылауда болып, жоғары дәрежеде атқарылуы керектігін айтты. Алдағы уақытта да мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету бағытындағы шараларды ұйымдастырып отыруды тапсырды.

Жеңісбек СОВЕТҰЛЫ
18 мамыр 2019 ж. 1 279 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031