Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда ПТР зертханасы ашылды

Қазалыда ПТР зертханасы ашылды

Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданындағы теміржол ауруханасының базасында ПТР зертханасы ашылды. Оның қуаты тәулігіне 200 сынақты құрайды. Зертхана Қазалы ауданымен қатар, көршілес Арал және Қармақшы аудандарының тұрғындарына қызмет көрсетеді.
Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев ауруханаға арнайы барып, медицина қызметкерлерінің жұмысына сәттілік тіледі.
«Қазалы теміржол ауруханасы» ЖШС бас директоры, білікті маман Құбыл Ршымбетов аудан басшысын зертхана жұмысымен таныстырып, орталықтың тиімділіктерін тілге тиек етті.
Мекеме барлық талаптарға сай қажетті жабдықтармен қамтылған. Зертхана бөлмелерінде жөндеу жұмыстары жүргізілді, техника орнатылды, қажетті реактивтер сатып алынды. Зертхана қызметкерлері Алматы, Орал қаласындағы жетекші зертханалар базасында арнайы оқытудан өтті. Жобаның жалпы құны 60 млн теңгені құрайды.
Бұрын ПТР зерттеуге барлық биологиялық материалдар Қазалыдан Арал ауданы мен Қызылорда қаласына жіберілетін. Нәтижелер 2-3 күн аралығында шығатын. Жаңа ПТР зертхананың ашылуымен коронавирус инфекциясын тезірек анықтауға болады. Талдауды өңдеу орташа есеппен 5 сағатты құрайды. Сынақ қорытындысы бір тәулік ішінде беріледі.
11 қазан 2021 ж. 265 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30