Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіби білімге – кең өріс

Кәсіби білімге – кең өріс

Бейсенбіде Арал ауданынан келген Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» бірлестігінің Арал аудандық филиалының төрағасы Жұмабай Жақып, Халықаралық Жазушылар одағының және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Арал әлемі» газетінің редакторы Ерғали Абдулла, «Толқын» газетінің бас редакторы Абай Елешов іс-тәжірибе алмасу мақсатында қазалылық әріптестерімен кездесті.
Кездесуге аудан әкімі Мұхтар Оразбаев, аймақтық «Тұран Қазалы» газетінің бас редакторы Ғазиз Әліш, аудандық «Қазалы» газетінің бас редакторы Есет Табынбаев, өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті.
Арал ауданынан келген қонақтар аудан әкімі Мұхтар Оразбаевпен бірге Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің материалдық-техникалық базасымен танысты.
Ғасырға жуық тарихы бар Қазалы көлік-техникалық колледжі елдегі теміржол саласының мамандарын даярлайтын бірден-бір оқу орны. Оқу орны сонау 1929 жылы Қазалы паровоз депосының жанынан ашылған.
Соңғы жаңалықтармен колледж директоры, Болатбек Ахметов таныстырып, ұстаздар мен шәкірттердің қол жеткізген жетістіктерін айтып берді.
Қазіргі таңда оқу орны еңбек нарығына аса қажетті 11 мамандық бойынша жан-жақты, білімді, білікті кәсіпқой жұмысшы мамандарды оқытып, дайындауда.
Колледжде мамандықтарды оқытуға арналған жаңа оқу-техникалық құралдармен жабдықталған 36 оқу кабинеті бар. Сондай-ақ студенттердің, білім алуы мақсатында 10 шеберхана, 10 зертхана және үш полигон, 100 орындық жатақхана, 150 орындық мәдениет үйі, 100 орындық асхана, 20 мыңға жуық кітап қоры бар электронды кітапхана, өлкетану мұражайы және оқу-жаттығу залы жасақталған.
Колледж дуалды оқыту жүйесі аясында «ҚТЖ» «ҰКАҚ» Қызылорда сигнализация және байланыс дистанциясы филиалы, «Қамқор-Локомотив» ЖШС Қазалы локомотив жөндеу депосы және «Локомотив» Қызылорда АҚ локомотив пайдалану депосы сынды базалық мекемелермен көпжақты келісімшартқа отырған.
Білім ордасы бүгінде республикалық «Жас маман» жобасына қатысып, үздік 180 колледждің қатарына енген.
Нәтижесінде «Теміржол жылжымалы құрамдарын пайдалану, жөндеу техникалық қызмет көрсету» мамандығы бойынша 320 млн теңге бөлінген. Бұл қаржыға аталған мамандықтың дуалдық оқыту жүйесі бойынша қарқынды жұмыс жасау негізінде бірнеше біліктілігі бойынша жаңа үлгідегі заманауи технологиямен жабдықталған кабинеттер ашылуда. Жоба аясында алынған жабдықтардың барлығы оқытушы мен студенттерге арналған компьютерлік кешен ретінде жабдықталған қос позициядағы тренажерлар болып табылады.
Колледждің материалдық-техникалық базасымен танысқан аудан әкімі Мұхтар Оразбаев оқу ордасында білім аламын деушілер үшін барлық жағдай жасалғанын тілге тиек етіп, оқытушылардың жұмысына сәттілік тіледі.
Ал Қазақстанның құрметті журналисі Жұмабай Жақып, «Арал әлемі» газетінің редакторы Ерғали Абдулла, «Толқын» газетінің бас редакторы Абай Елешов теміржолшылармен қатар газ шаруашылығы және құрылыс саласына қажетті мамандар даярлайтын оқу орнына оң бағаларын беріп, жан-жақты насихат жұмыстарын жүргізетіндіктерін жеткізді.

Арайлым ЖҮСІПОВА
11 қыркүйек 2021 ж. 778 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 59

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930