Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елдегі қылмыскерлердің 80%-і жұмыссыздар

Елдегі қылмыскерлердің 80%-і жұмыссыздар

Finprom.kz сайтының мәліметінше, еліміздегі қылмыс жасағандардың 80%-і жұмыссыз азаматтар.

Осы жылдың қаңтар-сәуір айларында мемлекет бойынша 20 мың қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген. Алайда бұл былтырғыға қарағанда 1,9%-ке аз.

Оның ішінде 3,8 мың адам қылмыс жасаса, 7,2 мың адам – орташа ауырлықтағы қылмыс, 5,4 мың адам – ауыр қылмыс, 3,1 мың адам – жеңіл қылмыс, 459 адам аса ауыр қылмыс жасаған.

Өңірлік бөліністе қылмыскерлердің басым бөлігі Алматы облысында (2,4 мың адам) екендігі анықталған. Сондай-ақ антилидерлер үштігіне Алматы (2,3 мың адам) және Нұр-Сұлтан (1,7 мың адам) қалалары кіреді.

Қылмыскерлердің ең азы Қызылорда облысында тіркелген: 436 адам, бір жыл бұрын 466 адам болған.
Қылмыскерлер санының өсуі бойынша Солтүстік Қазақстан облысы (10,9%-ке өскен), азаюы бойынша Жамбыл облысы (15,2%-ке кеміген) алда келеді.

Қылмыскерлердің 79,2% немесе 15,8 мыңы – жұмыссыздар. Олардың саны бір жылда 3,3%-ке қысқарған. Ал қалған 1,4 мың тәртіп бұзушы – жұмысшы, 381-і – мемлекеттік қызметкер, 339 адам – білім алушы, 261 адам – жеке кәсіпкер екені белгілі болды.
27 мамыр 2022 ж. 486 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30