Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 191 болды
28 наурыз сағат 10:00 жағдай бойынша, коронавирус індетін жұқтырған тағы 41 адам тіркелді. Бұл туралы коронавирустың еліміздегі ресми ақпарат көзі хабарлады.
Дәл қазіргі жағдайда Нұр-Сұлтан қаласында - 32 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы қаласында - 2 адам, Ақмола облысында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 1 адам, Атырау облысында -1 адам тіркелді.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 107 адам, Алматы қаласында – 57 адам, Қарағанды қаласында - 4, Жамбыл облысында -3 адам, Атырау облысы - 4 адам, Ақмола облысында - 5 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 2 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 1 адам.
Еліміздегі жалпы науқас саны 191-ге жетті.
Бұған дейін 3 адам жазылып шығып, 1 адам қайтыс болды.