Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ерекше балаларға – ерекше қолдау

Ерекше балаларға – ерекше қолдау

Ерекше жағдайдағы балаларға қолдау көрсету қашан да маңызды. Осы орайда ауданда аталған бағыт бойынша көптеген әлеуметтік жобалар жолға қойылып, жүзеге асырылуда. Мүгедектігі бар балалардың көпшілік ортада болып, басқа балғындармен араласуына мүмкіндік жасауда, оларға моральдық, материалдық тұрғыда қолдау көрсетуде қоғамдық бірлестік пен үкіметтік емес ұйымдардың үлесі зор деуге болады. Бүгінде Қазалы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі мен «Сауал әлеуметтік зерттеу және ақпараттық талдау орталығы» қоғамдық бірлестігі бірлесіп, түрлі іс-шаралар өткізуді ортақ іске айналдырған. Сәрсенбінің сәтті күнінде сондай игі шараның біріне куә болдық.
Аудандық спорт кешенінде 3 команданың қатысуымен «Спорт – біздің серігіміз» атты спорттық сайыс өтті. Шара барысында Қазалы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының міндетін атқарушы Мұратбек Нағашыбаев сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Эстафетаға 15 ерекше жағдайдағы балалар, ата-аналар және әлеуметтік қызметкерлерден құралған «Барыс», «Ұшқын», «Жалын» атты 3 команда қатысты. Бірнеше кезеңнен тұратын эстафеталық жарыста бақ сынаған қатысушылар доппен бірге кедергілер арасынан өтіп, оны шығыршыққа салды. Кейінгі кезеңдерде жылдамдыққа жүгіріп, допты алып мәреге бірінші жетуге тырысты. Одан соң резеңке сақиналарды кегельге жинап, өзара жарысты. Сайыс қызықты, әрі тартысты өтті. Ойын барысында командалар ептіліктері мен ұйымшылдықтарын көрсете білді. Өз кезегінде ерекше ойын өрнегін көрсете білген топқа жанкүйерлер де қолдауын аямады.
Шара соңында қатысушы балалардың барлығына алғыс хаттар табысталып, сый-сияпат жасалды. Сондай-ақ жарыстың ойдағыдай өтуіне атсалысқан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің жеңіл атлетика бойынша жаттықтырушысы Мейрамбек Қарабалаев және көмекші жас нұсқаушылар Нартай Қарабалаев пен Айбат Мдуаровқа аудан әкімі орынбасарының арнайы алғыс хаты тапсырылды.
– Біз мүмкіндігінше қоғамнан қамқорлық күтетін жандарға әсіресе, ерекше жағдайдағы балаларға қолайлы орта қалыптастыруға ықпал жасауымыз қажет. Жасыратыны жоқ, көп жағдайда осындай санаттағы балалар арасында сайыстар ұйымдастырыла бермейді. Дегенмен біз осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында түрлі шараларды қолға алудамыз. Бүгінгі сайыс соның бірі және бірегейі деп білемін. Алдағы уақытта осындай игі шаралар дәстүрлі түрде өткізіліп, жалғасын табады, – деді М.Тұңғышбайұлы.

Арайлым ЖҮСІПОВА
21 мамыр 2022 ж. 972 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031