Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа алаң – балалар игілігіне

Жаңа алаң – балалар игілігіне

«Спорт – бейбітшілік елшісі» дегендей, еліміздің болашағы, денсаулығы мықты, рухы күшті ұрпақ. Бүгінде спорт саласының дамуына мемлекет тарапынан барынша жағдай жасалып келеді. Біздің ауданда да бұл бағытта бірқатар жұмыстар атқарылуда. Жуырда жастар арасында бұқаралық спортты дамыту мақсатында Әйтеке би кентінде жаңа спорт алаңы пайдалануға берілді.
Достық көшесінің бойында салынған алаңда жастар шағын футбол, волейбол, баскетбол сияқты спорт түрлерімен емін-еркін айналыса алады. Заман талабына сай бұл футбол алаңы балалардың спортпен айналысуына кең мүмкіндік беріп, олардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға септігін тигізері сөзсіз
Спорт алаңына аудан әкімі Мұхтар Оразбаев арнайы барып, жас жеткіншектерге доп тарту етті.
– Балалар жылында кент балғындарының қуанышы еселенуде. Жастардың игілігіне берілген алаң жеткіншектердің спортқа деген қызығушылығын арттырады. Тіпті осы жерден елімізге танымал азаматтар, спортшылар шығады деп сенеміз. Соған тілекші боламыз, – деді бір топ тұрғындар.
Айта кетейік, салауатты өмір салтын сақтау, бұқаралық спортты дамытуға септігін тигізетін алаң аудандық бюджеттен бөлінген қаржыға салынды.

Абзал БАҚЫТҰЛЫ
30 сәуір 2022 ж. 618 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031