Қуаныш сыйлаған күн
Дені сау ұрпақ – ел болашағының кепілі. Президент Жолдауында көрсеткен бағыттарды іске асыру аясында Әйтеке би кентінің 5 квартал аймағынан спорт алаңы ашылды. Тұрғындардың өмір сапасын арттыру, жастардың бос уақыттарының тиімді өткізуге арналған алаң С.Сейфуллин атындағы №165 мектептің жанынан бой көтерді.
Жаңа спорт алаңына аудан әкімі Мұхтар Оразбаев арнайы барып, тұрғындардың қуанышымен бөлісті.
– Ел болашағы – жастардың денсаулығы мен білімінде. Сол миссияны орындау мақсатында баршамыз бірлесе жұмыс атқаруымыз керек. Бұқаралық спортты дамытуда спорт алаңдарының маңызы зор. Сондықтан да алдағы уақытта спорт алаңдарын салу жұмыстарын назардан тыс қалдырмаймыз, – деді Мұхтар Әуесұлы.
Осындай қуанышты сәт сыйлап, аудан спортының дамуына қолдау көрсеткен атқамінер азаматтарға жергілікті жұрт алғысын жаудырды.
– Игі істің басы өткен жылы бастау алған. Бұл 5 кварталда бой көтеріп отырған үшінші футбол алаңы. Бүгінгісі тұғырлы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына тұспа-тұс келіп отыр. Әлемге әйгілі спортшылардың осындай жерден шығатынын ескерген жанашыр жандарға осындағы жастар атынан рақметімізді айтамыз. Алдағы уақытта осы бастама жалғасын тапса екен, – деген тілектерін жеткізді бір топ жас.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат