Тоқтар Әубәкіров: Мен тірі тұрғанда өз атыма көше берілгенін қаламаймын
Тоқтар Әубәкіров келе жатқан космонавтика күніне орай құттықтауларды бүгіннен бастап қабылдап жатыр. Мерекелік шараға дейін ол ақпарат құралдарына өз атындағы көшелердің болғанын қаламайтынын жеткізді.
Оның айтуынша, көзі тірісінде көшелердің өз атымен аталғаны дұрыс емес.
«Менің қол-аяғым сау, жүре аламын. Ойлау қабілетім жақсы. Әлі тірі адаммын ғой, оның үстіне жөндеуді қажет ететін Әубәкіров көшесімен жүру мен үшін ауыр тиеді», — деп күлді қазақ космонавты.
Сонымен қатар, Тоқтар Әубәкіров өз жерлесінің басынан өткен оқиғасымен бөлісті.
«Мен туып өскен елді мекен соғыс батырының атымен қойылған болатын. Ауыл өз ісін дұрыс атқармағандықтан жиі сөгіс естіген ағам, қызметкерлеріне қайда бас сұқпаса да барлық жерде өз атының минус белгісімен жарқырап шыға келетінін айтып шағымданды. Нәтижесінде бұл атауды алып тастауды ұсынды», — деп айтты Әубәкіров.
Елді мекенді атауын өзгерткеннен кейін ғана аяққа тұрғызған.
«Осыған орай адам тірісінде оған мұндай қошемет көрсетуге мен қарсымын», — деп кесіп айтты космонавт.
Алайда, өз атының берілгеніне қарсы болса да, Астанадағы жаңа ауданға Байқоңырдың атауын беру Әубәкіровтың көңілінен шығыпты.
«Мен Байқоңыр атауының беріліп жатқанын естігенде қалай қуанғанымды білсеңіздер ғой. Бұл біз үшін, Байқоңырға қатысы барлар үшін жеңіспен тең. Аудан атауына ұсыну ел басшысыда, ақал әкімі де бізді ұмытқан жоқ дегенді білдіреді. Олар Байқоңырдың ел үшін қаншалықты құнды екенін барша жұртқа паш етті», — деп қорытындылады ол