Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көшелер атауы неге дұрыс айтылмайды?

Көшелер атауы неге дұрыс айтылмайды?

Қазақ халқының ұлы ақыны, көзі тірісінде-ақ Кеңестер Одағы ғана емес, алыс шетелдерге де мәлім болған Жамбыл Жабаевтың туған ауылы өз есімімен аталыпты. Сонан ұзамай, сол кездегі ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс қызыл империяның ықпалымен елді мекеннің кіре берісіне «Джамбул» деген көрнекті жазуы бар еңселі бағана орнатылады.
Бір күні сол жазу ілінген бағананың түбінде Жамбыл атамыз көңіл-күйі болмай, ренжіңкіреп отырса, жанына ауылдастарының бірі қазақшаға судай Иван деген орыс жігіті келіп:
– Ау, Жәке, еңсеңіз түсіп отырғанына жол болсын. Жер жүзіне танылдыңыз, марапаттарыңыз да жеткілікті. Кремльде Сталиннің өзі сізді жылы қабылдап, сөйлескен. Мына қараңызшы, ауылымызға атыңыздың берілгенін паш етіп тұрған бағана да еңселі. Сіздің арманыңыз жоқ шығар, енді, – депті.
– Осы сенің атың кім еді? – дейді Жамбыл атамыз жігітке.
– Иван екенін білесіз ғой, неге сұрадыңыз – депті жас жігіт.
Сонда Жамбыл:
– Егер сенің сол Иван деген тәп-тәуір есіміңді Диван деп жазып, осы тұсқа іліп қойса қалай көрер едің? – деген екен.
Шындығында Кеңестік кезеңде «Джамбул», «Джезказган», «Чимкент», «Актюбинск» тағы-тағы болып, кете беретін. Қазір шүкір, осындай «мүкіс» атаулар біршама жөнделе бастаған сияқты. Әйтсе де, өз алдымызға енші алып, Тәуелсіз мемлекет атанғанымызға ширек ғасырдан асып бара жатса да, ескіліктің шырмауынан арыла алмаушылыққа жергілікті тұрғындардың да кінәлі екеніне күнделікті тұрмыс-тірлігіміздегі болымсыз қарым-қатынасымыз дәлел болғандай.
Бір мысал келтірейін. Теміржолдың арғы бетіне қатынайтын қоғамдық көлік жүргізушісінің жанындағы ақша жинаушы жігіт өз міндетін адал атқарып отыр. Бірақ оның «Большевик, Полторацкий, Титовтан» түсетіндер бар ма?» деп жар салуы ұлттық болмысымыздың беделін түсіріп, тұлғаларымызға деген құрметімізді естен шығарғандай. Бұған жолаушылардың «Иә Коммунистен, Титовтан тоқтай кетші» дейтінін қайтерсің.
Осы ретте халқымыздың біртуар, бетке ұстар азаматтары Р.Бағланова, Т.Әубәкіров, С.Сүлейменов, Жалдыбай жыраулардың қандай жазығы бар? Аттарын айтуға ұялатындай большевик пен коммунистен қай жері кем? Жүз пайызға жуық қандастарымыз тұратын Қазалыда осындай болса, үлкен қалалардағы шүлдірлегендерге өкпелеудің реті жоқ сияқты. Бұл не сонда? Немқұрайлылық, сауатсыздық па, әлде көшелердің жаңа атауына жете көңіл бөлмеушіліктің әсері ме? Сәл-пәл ойланайық, ағайын!
Әлімжан ӘЛКЕБАЙҰЛЫ,
Әйтеке би кенті.
23 ақпан 2018 ж. 1 724 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 102

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 107

Қала тынысымен танысты

14 қазан 2025 ж. 79

Ауылдан шыққан арлан

14 қазан 2025 ж. 86

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031