Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бірлік түбі – береке

Бірлік түбі – береке

Қасиетті Қазалы мекенін көркейтіп, сәулеттік келбетін арттыруға «Намыс-Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қосып отырған үлесі сүбелі. Жиырма жылдан аса уақытта бұл ұжым қызметкерлері белгіленген мерейлі міндеттер үдесінен шығып келеді. Әр қадамын іспен нақтылайтын намысқұрылыстықтардың жауаптылығына тұтынушылар дән риза.
Бүгінге дейін серіктестік мүшелері бірқатар жобаны қолға алып, уақытында жүзеге асырды. Ондағы бастаманың іркіліссіз жүруіне жүйелілік пен жұмысшылардың еңбекқорлығының да әсері бар. Осындай тапсырылған істі мұнтаздай орындайтын 43 жылдық тәжірибесі бар жүк көлігінің жүргізушісі Абылай Сазанбаев «Намыс-Құрылыста» тер төккеніне де 10 жылдан асты. Осы уақыт ішінде серіктестік көлемі мен беделінің көтерілуіне күн-түндеп, мына шеті Ақтөбеден бастап, Шымкент пен Алматы аралығына қатынап аянбай адал тер төкті. Талай мәрте жол нашарлығына қарамастан бірнеше күн ұйықтамай, ауыр-ауыр жүктерді, құрылыс заттарын тасыған. Қазалыдағы Автомектептен алған білімі «Камазды» тізгіндеуде септігін тигізді. Ол ешкімнен көмек сұрамай-ақ көне көлікті жаңадай жөндеп, майлап-сүртіп тап-таза етіп жалтыратып қоюды әдетке айналдырған.
Бүгінде Абылай Сейілханұлы зайыбы Рабиға екеуі Рүстем, Дастан, Жадыра, Дәулет, Думан есімді қыз-ұлдарды тәрбиелеп өсіріп, 11 немере сүйіп отыр.
– Жас кезімнен еңбекке ерте араластым. Содан бері тоқтамастан жүк көлігін тізгіндеп келемін. Өткен жылы желтоқсанда зейнетке шықтым. Әзір қызметтен кеткен жоқпын. Ұлдарымның барлығы менің жолымды қуып, жүргізуші болды. Бұзылған көліктің ақауын реттей алады, техникадан хабары бар. Енді қаншама жыл айдаған құтты «Камазды» Дәулет ұлым жүргізбек. Менің тәрбием мен тәжірибемді бойына сіңірген ол да адал еңбек ететініне сенім артамын. Қалған балаларым да бірі «Сыр Маржанында», екіншісі «Жылу ХХІ» ЖШС-де жүк көлігін айдайды, – дейді Абылай ­Сазанбаев.
Бұған дейін Абылай Сейілханұлы бірқатар мекемеде жеңіл автокөліктен бастап, «Самосвал»-ға дейін тізгіндеп, халыққа қызмет еткен. Осы жауапкершілігі ескеріліп, бірнеше марапатқа ие болған.
«Намыс-Құрылыс» серіктестігінің басшысы Мәлік Өтеулінің айтуынша, Абылай Сазанбаев өз ісінің маманы 1-класстық жүргізуші саналады. Кез келген жағдайда тапсырылған жұмысты қандай да қиындығына мән берместен тиянақты, әрі жауапты орындайтын еңбеккер ретінде бағаланады. Жауаптылығы үшін аудан, облыс әкімдігі мен серіктестік атынан Құрмет грамотасы, Алғыс хат табысталды. Түрлі тарту-таралғымен қатар, ақшалай сыйақы да ұсынылған.
«Бірлік түбі – береке» деген. Еңбекқор жүргізуші бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара білгендіктен ортақ шаруа жолында шаршап-шалдығу дегенді білмей, өзгелермен бірге иық тіресе қызмет етіп, осы күні бейнетінің тәтті зейнетін көруге асық.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
15 наурыз 2022 ж. 649 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930