Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Отаршыл ел жаңа Отан іздейді

Отаршыл ел жаңа Отан іздейді

Ресей Федерациясы Украинаға соғыс ашқалы бері 15 күн өтті. Осы уақыт ішінде қос тараптан қаншама сарбаз мертіккені айтылып жатыр. Мәселен Ресей тарапы тәуелсіз журналистердің сөзінше, 10 мыңнан астам әскерінен айырылған. Ал Кремль Украинаның шығынын жариялаудан жарысып жатыр. Алайда қайсы тарап жеңіске жетсе де, қос елдің қарапайым тұрғындары орасан зардап шегетіні әзірден айтылып жатыр. Украиналықтар қираған қаланы қалыпқа келтіруге қазынаның қалтасын теріс айналдырса, аюлар елін мекен еткендер санкцияның салқынан тап болмақ. Бұл елдің эконмикасын құлдыратып, ондаған мың орыстың жұмыссыз қалдыратыны сөзсіз.

Жұмыссыздар көшкіні
Қазірдің өзінде Ресейден жүзден аса ірі компаниялар мен бренд өнімін жеткізушілер кетіп үлгерді. Тағы біразы жұмысын тоқтатты. Макдоналдс пен КФС тез тамақтандыру орталықтары жабылған күні 60 мыңнан ресейліктің нәпақасыз қалғаны белгілі болды. Демек аюлар елінде бұрын соңды болмаған кедейшілік орын алуы мүмкін.
Кремль шетелдік компаниялар Ресей нарығынан кеткеннен кейін жұмыссыз жүрген ресейліктерді қолдауға және жұмыспен қамтуды тұрақтандыруға 160 миллиард рубль бөлуге шешім қабылдады. Бұл Ресей экономикасының санкциялар жағдайында дамуын қамтамасыз ету жоспарының жобасында бекітілген – құжат тікелей қаржылық қолдау көрсетуден бастап ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға дейінгі бес құралды қамтиды. Билік ресейлік жұмыссыздардың саны көбейеді деп күткендіктен, жұмыссыздық бойынша жәрдемақыға жұмсалатын қаржыны көбейтпекші. Бұл мақсаттарға 94 миллиард рубль бөлінеді, бірақ әзірге жәрдемақы мөлшерін өзгерту жоспарда жоқ. Рубль құны құлдырап, азық-түлік көтерілген тұста халық наразылығы күшейіп, билікті құлатуға дейін бара алатынын білеміз. Өйткені онсыз да өмір сүру қиын Ресейдің бірқатар қаласындағы жоғарғы жәрдемақы 12 мың рубльден сәл-ақ асады. Ал елдің құлдырап жатқанын көріп отырған жұмыссыздар мен кәсіпкерлер ертеңге күніне алаңдап, қазірден бастап шетелге, көпшілігі Қазақстанға қоныс аудара бастаған.
Ресейліктер айтқан себептер арасында экономиканың жеткілікті дамуы, жұмыс үшін қолайлы жағдай және қолайлы көші-қон ережелері бар.
– Мәскеуде тұратынмын, бірақ өткен аптадан бері Алматыға қоныс аудардым. Қазақстанға көшу себебім – ел болашағына сенемін. Елдегі болашаққа Ресейдегі болашаққа қарағанда сенемін. Бүгінде Қазақстан, егер Прибалтика туралы айтпайтын болсақ,бұрынғы КСРО елдері арасында Ресейден кейінгі ең бай ел, – дейді Ресей азаматы Вадим Новиков. Келімсек егер Ресей шекараны жауып тастаса, елденшыға алмай қалудан қорыққанын айтады.
Биыл жыл басынан бері тоғыз мыңға жуық Ресей азаматы Қазақстанда уақытша тұруға рұқсат алған. Статистика бойынша әзірге ақпандағы жағдай белгісіз. Былтыр эмиграция көрсеткіші де сондай болған. Былтыржылбасында 8 700 ресейліккеҚазақстандатұруғарұқсатберілген.
«Қазақ» атану оңай ма?
Ресей үшін Батыс пен АҚШ аспанын жапты. Демек ел азаматтары Орта Азиядан басқа мемлекеттерге ұшып бара алмайды. Бұл да іскер азаматтар мен саяхатты әдетке айналдырған орыстар үшін Қазақстанға қоныс аударуға жақсы себеп.
Алдымен Қазақстан азаматтығын кімдер ала алатынына тоқталық. Заң бойынша осында туған, 1992 жылдың бірінші наурызына дейін елде тұрған азаматтар мен азаматтық алу талаптарын орындағандар ғана «қазақстандық» бола алады. Талап бойынша, қазақ жерінде 5 жылдан астам өмір сүрген, Қазақстаннан өмірлік жарын тапқан, алайда үш жылдан аса бір шаңырақ астында өмір сүрген және етене жақын туысы бар шетелдіктерге азаматтық беруге болады. Қазақстан мен Ресей Кеңес үкіметі құрамында болғандықтан орыстар үшін куәлік алу жеңілірек десек қателеспейміз. Бұл туралы екі жыл бұрын ҚР Парламент сенатының депутаты Дана Нұржігіт те мәселе көтерген еді.
– …Біздің азаматтығымызды үш жылда алу – ол аз ғана уақыт қой. Америка, Ұлыбритания сияқты елдер 10-15 жылда ғана береді. Соның өзінде үлкен еңбекпен, қара термен алып жатады, – дейді ­журналист.
Әрине ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатысы бар істе қырағылық пен құжат алудағы қиындық керек-ақ. Өйткені қазірдің өзінде қазақ жерінде жиі бас көтеріп тұратын сепаратистер аз емес. Ал ресейшіл, Кеңес одағын қалыпқа келтіру идеясын қолдайтындардың елге келіп, азаматтық алуы тәуелсіздігімізге қатер екені айқын. Дәл осы тұста ҚР «Азаматтық туралы» Заңының 16-бап, бірінші тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматтығына: «ҚР аумағында заңды негізде кемінде бес жыл тұрақты тұратын не Қазақстан Республикасының азаматтарымен кемінде үш жыл некеде тұратын адамдар қабылданатын болады» деген тіркесі шетелдіктерге қолкөмек болып тұр десек артық емес. Өйткені кез келген ресейлік азамат Қазақстаннан формальді немесе шынайы сезіммен «махаббатын» таба алады. Бұл бізге қалай әсер етеді?

Келімсек не кәсіп істейді?
Осы тұста Украинаның бірнеше облысынан қалай айырылғанын ойға оралтсақ артық болмас. Өйткені күні бүгінге дейін Кеңестік үкіметтің қайта құрылғанын, Қазақстанның заңды жерін Ресейге қосу туралы ұрандатып жүрген сепаратистер аз емес. Діни сенімге ұқсастау келетін бұл идеяны қолдаушылардың үні жақында Кремль жақтан да естілді. Солтүстік Қазақстанда қазақтың нанын жеп отырып, бөлінуге үндейтін орысқұлдарда бас көтеруде. Демек ең алдымен көші-қонмен айналысатын министрлік қауіптің барын есепке алуы шарт.
Сол сияқты жақында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігінің өкілі шетелден мигранттар келер болса, елде жұмыс табылатынын айтып қалды. Реалист адам мұны шынайы ақпарат деп қабылдамауы заңды. Неге десеңіз елде жұмыссыздық деңгейі 5 проценттен асады. Бұл көрсеткішке маусымдық жұмыс пен көлемді жұмысқа жалданатын қазақстандықтар кірмейтіні түсінікті. Әрине, халықтың еңбекке жарамдылық көлемі артқан сайын экономиканың дамуы қарқын алады. Дегенмен алдымен азаматтығы бар ел тұрғындарының қолына түгелдей «күрек» бергеннен кейін келімсектің жоғын күйттесек жарасар.
Ресейліктерге ел азаматтығын беру немесе уақытша қоныс тебуге рұқсат ету жайындағы пікірталас екіге бөлінеді. Әйтсе де окупант елдің жақтаушысына айналып, санкция салқыны тимесін десек, бұған тыйым салайық деген пікірді қолдаушылардың қарасы қалыңырақ. Әсіресе екі ел арасында қақтығыс басталған тұста: «Украиналық босқындарды қонақ үйімде тегін жатқызамын», – деген белгілі журналист, кәсіпкер Арман Шораевтың әлеуметтік желіде осы мәселеге қатысты айтқан пікірі қызу қолдау тапты.
– Сендер әскерлерің Украинаның қалаларын, балаларын, әйелдер мен қарт адамдарын бомбалап жатқанда үндемей отырсыңдар. Ал Ресейді ешкім соққының астына алып жатқан жоқ. Ертең Қазақстанға көшіп келсеңдер, сепаратист болатындарыңа ешкім күмәнданбайды. Сондықтан мен сендердің Қазақстанға көшіп келулеріңе қарсымын. Сендерді мұнда ешкім күтіп отырған жоқ», – деді ол.
Әрине, кез келген елде жақсы-жаман адам бар. Ресейліктердің бәрін бірдей бөлінуге, ел арасында іріткі тудыруға, соғысуға құмар деп айту әбестік. Алайда азаматтық-адами ұстанымын көрсетпей, аспаны түтіннен ашық елден қашып келген келімсектердің қазақтың келешегі үшін берері бар дегенге кім сенеді?

Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
15 наурыз 2022 ж. 531 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031