Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Украина-Ресей соғысының жетінші күні не болып жатыр?

Украина-Ресей соғысының жетінші күні не болып жатыр?

Біріккен Ұлттар Ұйымы қазір бір миллион босқынның Украинадан көрші елдерге қашып кеткенін хабарлады.
Халықаралық қылмыстық сот Ресейдің Украинадағы ықтимал әскери қылмыстарына қатысты тергеуді бастады.
Ресей Украинаның негізгі қалаларына шабуылдарын күшейтіп жатыр. Елдің олтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жетінші күн шайқас жүріп жатыр.
Оңтүстіктегі Мариуполь портында бірнеше сағатқа созылған атқылаудан кейін жүздеген адам қаза тапты, деп хабарлады қала әкімінің орынбасары.
Херсон қаласының мэрі бұл аймақ ресейлік күштердің бақылауында екенін айтты.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1997 жылдан бергі алғашқы шұғыл отырысында Ресейдің басып кіруін айыптады.
Мәскеудің қорғаныс министрлігі Украинаға басып кіру кезінде 498 ресейлік сарбаздың қаза тапқанын алғаш рет мойындады.
Роман Абрамович «Челси» футбол клубын сатады, одан түскен қаражат соғыс құрбандарына көмек көрсету үшін қайырымдылық қорына жіберіледі. Украина мен Ресей арасындағы келіссөздер қайта жалғасады деп күтілуде, келіссөзшілер Беларуське кезекті кездесуге барады.
03 наурыз 2022 ж. 390 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031