Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ароматерапия: Мазасыз ойлардан арылуға қандай хош иістер көмектеседі?

Ароматерапия: Мазасыз ойлардан арылуға қандай хош иістер көмектеседі?

Кей хош иістер эмоциялық жағдайға әсер ете алады. Күйзеліс кезінде немесе қандай да бір тұрақтылықты іздеуде ароматерапия тыныштандыруға және дұрыс шешім қабылдауға көмектесуі мүмкін. Көп уақытыңызды өткізетін бөлмеге аромадиффузор қойып, жүйке жүйесіне жағымды әсер ететін эфир майларын қолданыңыз. Босаңсытатын ең жақсы хош иістерді ұсынамыз.

Лаванда
Лаванда хош иісі ғасырлар бойы тиімді тыныштандырушы құрал саналып келеді. Лаванда майы релаксация үшін жақсы келеді. Ол күйзелістен арылтып, түңгі ұйқыны жақсартады.

Апельсин
Апельсин майы босаңсытады және тыныштандырады. Сондай-ақ, күйзелісті түсіріп, жағымсыз ойлардан арылуға көмектеседі.

Иланг-Иланг
Бұл экзотикалық иіс тыныштық сезімін шақырады. Иланг-иланг эфир майы қиын күннен соң ұйқыны қандыруға, эмоциялық кернеуді түсіруге, қорқынышты немесе ашуды басуға көмектеседі.

Ладан
Ладан түтінінде депрессияға қарсы әсерге ие инценсол ацетаты бар. Бұл хош иіс күйзелісті түсіріп, ұйқысыздық кезінде көмектеседі. Алайда оның өзіндік иісі бар, ол барлығына бірдей келмеуі мүмкін.

Жалбыз
Жалбыз негізіндегі эфир майы — тиімді тыныштандыратын және босаңсытатын құралдардың бірі. Ол психикалық саулыққа пайдалы, эмоциялық жағдайды қалыпқа келтіруге көмектеседі. Ментолдың хош иісі күшті қалпына келтіреді және депрессияны кетіреді.

Раушан
Раушанның хош иісі сергітеді, жұмысқа қабілеттілікті арттырады және артериялық қысымды ретке келтіреді. Ол мазасыз ойлардан арылтады және босаңсуға көмектеседі.

Майоран
Майоран майы жүрекке пайдалы, күйзелісті жақсы түсіреді және ұйқысыздық кезінде көмектеседі. Лаванда мен майоран майының үйлесімі одан әрі айқын әсер береді.

#ЭФИР МАЙЫ #ЭФИР МАЙЛАРЫ #АРОМАТЕРАПИЯ #ХОШ ИІС #МАЗАСЫЗДЫҚ

04 наурыз 2022 ж. 388 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 63

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930