Үй тазалауда эфир майы рахат сыйлайды

Шаңсорғыш. Мақтаның кішкене бөлігіне иланг-иланг эфир майын тамызып, оны шаңсорғышпен ішіне тартсаңыз, майдың хош иісі шаңсорғыштағы шаңның иісін жояды. Бұл шаңнан аллергиясы бар адамдарға зор көмек болады.
Киім-кешек. Түкті қолғапқа өзіңіз жақсы көретін эфир майынан шамалап 6-7 тамшы тамызыңыз да, кір жуғаннан кейін кептіретін жерге киімдердің жанына қойыңыз. Киімдер кепкенше хош иіс сіңіп, сізге ленор секілді қымбат концетраттың қажеті де болмайды.
Тоңазытқыш. Шүберекке 2 тамшы мандарин майы және 2 тамшы лаванда майын тамызып, оны тоңазытқышқа салып қойыңыз. Уақыт өткен сайын майды жаңалап тамызып отырыңыз. Тоңазытқыштағы артық иісті жойып, орнына хош иіс бөліп тұрады.
Қоқыс шелегі. Дөңгелек мақтаға 1 тамшы апельсин майы мен 1 тамшы шай ағашы майын тамызып, жақсылап жуылған шелектің түбіне салып қойыңыз.
Қысқатолқынды пеш. Бір стақан суға 5-4 тамшы лимон эфир майын тамызып, оны қысқатолқынды пешке салыңыз да, 3-4 минут ең жоғары температурада қыздырыңыз. Пешіңіз жаңарып, тазарып қалады.
Жиһаз үшін және қақты кетіру. Бір литр сіркесуына (уксус) 10-12 тамшы шалфей майы, шай ағашы эфир майы және де лимон майын тамызыңыз. Осы сұйықтықты зарарсыздандыратын және мінсіз тазартатын ең арзан құрал ретінде қолдансаңыз болады.
massaget.kz