Масаны үйге жолатпайтын өсімдіктер
Көп ұзамай шуақты әрі ыстық күндер келеді. Алайда күннің жылынуымен бірге масалар секілді жағымсыз қонақтар да оянады. Қансорғыш масалардан өсімдіктердің көмегімен қалай арылуға болады? Бұл мақсатта аулаға қандай гүлдер еккен жөн?
1. Көкжалбыз (котовник)
Бұл өсімдікті мысық жалбызы деп те атайды. Себебі мысықтар бұл өсімдікке жақындап, ерекше пырылдайды және оның иісі ұнайды. Бірақ оның иісі масаларды үркітеді: көкжалбыздың құрамында үркітетін әсері бар элементтер көп.2. Сәлбен (шалфей)
Ежелгі грек емшілерінің өзі бұл өсімдіктің түрлі тері және вирустық ауруларды емдей алатын қасиеті жайлы жазған. Сондай-ақ сәлбеннің жағымды күшті иісі бар: ол ұшып жүрген масаларды үркітеді. Мысалы, табиғатқа шыққанда жанып жатқан отқа сәлбеннің бір бұтақшасын салып жіберсеңіз, масалар жоламайды.
3. Насыбайгүл (базилик)
Насыбайгүлдің кез келген сұрыбы масаларды табиғи үркітуші болып келеді. Оған қоса, ол – сорпалар мен салаттарға арналған жақсы дәмдеуіш. Оны терезе алдында өсіруге де болады, себебі ол аса күтімді қажет етпейді.
4. Цитронелла
Цитронелланы саяжай телімі бар адамдар жиі қолданады. Себебі одан лимонның жағымды иісі шығады. Оны кептіріп, тамақтарға дәмдеуіш ретінде де қолдана береді. Ол дүкендерде сатылатын үркіткіштердің құрамында жиі кездеседі.

5. Барқытгүл
Бұл әдемі гүлдерді көп адамның ауласынан кездестіруге болады. Себебі олар кез келген жерде өсе береді, аса күтімді қажет етпейді және айналасындағы өсімдіктерді түрлі зиянкестер мен жәндіктерден қорғайды. Сондай-ақ олардың масаларға ұнамайтын қанық әрі күшті иісі бар.

6. Қырмызыгүл (календула)
Бұл гүл кез келген ауланы безендіре алады. Ол да күтімді қажет етпейді. Оның адамдарға жағымды көрінетін иісі масаларды үркітеді.
7. Бақытгүл (хризантема)
Бұл өте әдемі гүлдерге күтім жасау қиын емес. Оны аулаға да, үйге қыш құмыраға да егуге болады. Ашылған бақытгүлдің иісі табиғи үркіткіш болып саналады. Ол тек масаларды емес, сондай-ақ өрмекші, кене, бүрге және шыбындарды да үркітеді.
8. Лаванда
Лаванда – өте әдемі өсімдік. Оның иісі де жағымды. Оны бөлмеде қыш құмырада немесе аулада өсіруге болады. Лаванданы көптеген жәндіктер жақсы көрмейді, себебі оның құрамында эфир майы көп. Бірақ аулаға лаванда ексеңіз, аралармен кездесуге дайын болыңыз.
9. Жалбыз және жаужапырақ
Бұл екі өсімдік кез келген аулада болуы тиіс. Себебі олар кез келген жерде өсе береді, көп орынды алмайды, күтімді қажет етпейді және көптеген пайдалы қасиеті бар. Олардың күшті иісі масалар мен шыбындарды үркітеді. Оларды терезенің алдында да өсіруге болады. Әсіресе, өрмекшілерден қатты қорқатындар жалбыз бен жаужапырақты үйіне егуге болады. Себебі өрмекшілер бұл өсімдіктердегі эфир майының иісін жақтырмайды. Сондай-ақ олардың жапырақтарын шайға салып ішу пайдалы.
massaget.kz