Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алты тіл білетін Әйгерім Елбасы шақыруымен елге оралады

Алты тіл білетін Әйгерім Елбасы шақыруымен елге оралады

15 жылдан бері әлемнің беделді оқу орындарында мемлекеттік саясат бойынша кәсіби мамандарды даярлап келген тәжірибелі оқытушы Әйгерім Болатқызы Италиядан Қазақстанға қоныс аударады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл туралы Әйгерім Астанада өткен «Туған жер! Туған тіл! Туған ел!» Қазақстан патриоттары форумында мәлімдеді.
Еске сала кетсек, Әйгерім маусым айында өткен Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайына қатысқан болатын. Құрылтайда Президент Нұрсұлтан Назарбаев Әйгерімге елге оралып, Отанымызда қызмет етуге ұсыныс жасаған еді.
«Қазақстан Тәуелсіздігін алғаш рет жер-жаһанға жариялағанда, бөркін аспанға лақтырып қуанған шетелдегі қазақ жастарының бірі мен едім. Шетелде туып-өссем де, кішкентайымнан Ер Төстік, Қобыланды батыр, Еңлік-Кебек, Қозы Көпеш пен Баян Сұлу, ертегілер мен жырларын тыңдап, қазақы қасиеттерді бойыма сіңіріп өстім. Есейе келе ана тілімде ұлы Абай, С.Мұқанов, М.Әуезовтің шығармаларымен сусындадым. Қазір Италияның Милан қаласындағы Боккони университетінің оқытушысы, Сингапур мемлекеттік университетінің Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саясат мектебінің кеңесшісі болып қатар қызмет атқарудамын», - деді Әйгерім.
Өз сөзінде Әйгерім жастарды патриоттық сезімде тәрбиелеудің ел дамуында аса маңызды орын алатынын атап өтті.
«Кез келген мемлекет дамуының негізгі себептері оның азаматтарының патриоттық ниетімен тікелей байланысты. Неге десеңіз, ел азаматтары әр салада жауапкершілікпен қызмет етіп, шын ниетімен іске кіріскенде ғана нақты нәтижелерге қол жеткізе алады», - деді ол.
Сонымен бірге, Әйгерім Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыртуымен жақын арада Қазақстанға оралатынын хабарлады.
«Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген аталы сөз бар. Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында Елбасы маған елге оралып, Отанымызға қызмет етуге ұсыныс жасаған еді. Содан бері көп ойланып, шетелдік оқу орындарында жинақтаған тәжірибемді елге әкеліп, Қазақстанның келешек көшбасшыларын тәрбиелеуді ұйғардым», - деді Әйгерім Болатқызы. Әйгерім 1980 жылы Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында ұстаздар отбасында дүниеге келген. Моңғолия мемлекеттік университетінің халықаралық қатынастар факультетінде білім алып, оқуын Чехия, Сигнапур елдерінде жалғастырған ол қазақ, орыс, ағылшын, моңғол, чех, итальян тілдерінде еркін сөйлейді. Әйгерім Қазақстан мен Сингапур арасында білім саласы бойынша бірнеше келісім жасасуға тікелей атсалысып, Қазақстанның 150-дей мемлекеттік қызметкерлері, министрлері мен басқа да лауазымды қызметкерлерінің өз білімдерін жетілдіруіне жағдай жасаған. Әйгерімнің көмегімен 2012 жылы Назарбаев университеті мен Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саясат мектебі арасында 5 жылдық келісімшарт бекітілді. Сондай-ақ, Әйгерім Боккони университеті мен Қазақстанның Мемлекеттік басқару академиясы арасында стратегиялық серіктестік орнатуға үлес қосқан.
14 желтоқсан 2017 ж. 1 289 0

Ұйымшыл ұжымның ұтары көп

14 желтоқсан 2024 ж. 46

Кент көркін келтіргендер

14 желтоқсан 2024 ж. 41

Бар жақсылық – балаға

14 желтоқсан 2024 ж. 42

Шәкірттер шамшырағын жаққан

14 желтоқсан 2024 ж. 41

Сұранысқа ие орталық

14 желтоқсан 2024 ж. 37

Жасындай жарқыраған Гүлсая

14 желтоқсан 2024 ж. 38

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031