Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Майданнан жеткен мұң

Майданнан жеткен мұң

Ауған соғысы Кеңес үкіметі қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанғанын жақсы білеміз. КОКП және КСРО басшылығы Ауғанстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген “халықтық-демократиялық үкіметті” қолдап, көршілес елдердің социалистік бағытпен дамуын көздеп, “интернационалдық әскери жәрдем береміз” деген желеумен оның ішкі істеріне араласты. Бұл “қырғи қабақ соғыс” кезеңі КСРО-ның өзге елдерді өз ықпалына қарату саясатының айқын көрінісі еді. Бұл іске қазақ сарбаздары да тартылып, бір ғана Қазалы ауданынан жүзге жуық адам қатысты. Биыл Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына тура 33 жыл толды. Сондай-ақ, «Тәжік-Ауған» әскери қақтығысының аяқталғанына да 21 жылдан асып барады.
Жат жерге жауынгер болып барып, батыр атанып қайтқан жерлестердің есімі ұмытылмауы тиіс. Осыған орай Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде Ауған және Тәжік-Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтіп, құрмет көрсетілді. Шараға аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап, «Nur Otan» партиясы Қазалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрғиса Жалғасбаев, аудандық кәсіпкерлік, туризм және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Ақтілеу Бөріқұлақов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қайрат Әбубәкірұлы және аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Асылхан Дәрібаев, қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Нұрбек Ақпанбетов қатысты.
Басқосуды аудан әкімі Мұхтар Оразбаев ашып, Ауған соғысы мен Тәжік-Ауған қақтығысы адамзатты алаңдатқан зұлматты оқиға ретінде тарихтан өз бағасын алғанын атап өтті.
– Тарих бетіне өзінің қанды ізін қалдырған бұл оқиғаларға ауданымыздан да бірқатар азаматтар қатысты. Бүгінде олардың 51-і ортамызда жүр. Оларға әлеуметтік қолдау көрсету, ерліктерін насихаттау – біздің басты назарымызда. Аудан мектептерінде Сіздердің қатысуларыңызбен өткізіліп жатқан түрлі іс-шаралар, кездесу кештері соның дәлелі. Сонымен қатар жыл сайын Жеңіс мерекесі, Отан қорғаушылар мерекесі Ауған соғысы ардагерлерінің қатысуымен өткізілуде. Мұның бәрі – Сіздердің ерліктеріңізге көрсеткен құрметіміз, – деген Мұхтар Әуесұлы жастарға патриоттық тәлім-тәрбие беруде ардагерлердің орны ерекше екенін жеткізді.
Кездесу барысында ардагерлерге аудан әкімінің Алғыс хаты мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Бұдан кейін ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер Одағы «Ардагер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Айдар Әлиев, «Тәжік-Ауған» әскери қақтығысы ардагерлерінің Қазалы ауданы бойынша төрағасы Руслан Баймбетов сөз сөйлеп, ризашылығын білдірді. Бірқатар ұсыныс-пікірлер айтылды.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев ардагерлерге құрмет көрсету – әрдайым басты назарда болатынын айтып, тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеді. Ардагерлер тарапынан қойылған сауалдарға аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Совет Бабанаев, Қазалы ауданаралық ауруханасы бас дәрігерінің орынбарасы Күншығар Әбілов нақты жауап беріп, бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
М. Әуесұлы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында Ауған соғысы мен Тәжік-Ауған қақтығысы ардагерлерінің ерліктері туралы бильбордтар орналастыруға тапсырма берді. Ардагерлер студенттермен кездесіп, Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің оқу материалдық-техникалық базасымен және республикалық «Жас маман» жобасы арқылы алынған заманауи құрал-жабдықтармен танысты.

Р.ҚАЙРАТҰЛЫ
19 ақпан 2022 ж. 455 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031