Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда ардагерлерге құрмет көрсетілді

Қазалыда ардагерлерге құрмет көрсетілді

Kyzylorda-news.kz. Биыл «Тәжік-Ауған» әскери қақтығысының аяқталғанына 21 жыл толды. Осыған орай Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде Ауған және Тәжік-Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтіп, құрмет көрсетілді.

Жиынға аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап, «Nur Otan» партиясы Қазалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрғиса Жалғасбаев, аудандық кәсіпкерлік, туризм және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Ақтілеу Бөріқұлақов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қ.Әбубәкірұлы және аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Асылхан Дәрібаев, қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Нұрбек Ақпанбетов қатысты.
Басқосуды аудан әкімі Мұхтар Оразбаев ашып, Ауған соғысы мен Тәжік-Ауған қақтығысы – адамзатты алаңдатқан зұлматты оқиға ретінде тарихтан өз бағасын алғанын атап өтті.
«Тарих бетіне өзінің қанды ізін қалдырған бұл оқиғаларға ауданымыздан да бірқатар азаматтар қатысты. Бүгінде олардың 51-і ортамызда жүр. Оларға әлеуметтік қолдау көрсету, ерліктерін насихаттау – біздің басты назарымызда. Аудан мектептерінде Сіздердің қатысуларыңызбен өткізіліп жатқан түрлі іс-шаралар, кездесу кештері соның дәлелі. Сонымен қатар, жыл сайын Жеңіс мерекесі, Отан қорғаушылар мерекесі Ауған соғысы ардагерлерінің қатысуымен өткізілуде. Мұның бәрі – Сіздердің ерліктеріңізге көрсеткен құрметіміз», – деген Мұхтар Әуесұлы жастарға патриоттық тәлім-тәрбие беруде ардагерлердің орны ерекше екенін жеткізді.Кездесу барысында ардагерлерге аудан әкімінің «Алғыс хаты» мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Іс-шарада ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер Одағы «Ардагер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Айдар Әлиев, «Тәжік – Ауған» әскери қақтығысы ардагерлерінің Қазалы ауданы бойынша төрағасы Руслан Баймбетов сөз сөйлеп, игі тілектерін білдірді. Сондай-ақ, ардагерлердің атынан бірқатар ұсыныс-тілектерін жеткізді.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев ардагерлерге құрмет көрсету – әрдайым басты назарда болатынын айтып, тиісті бөлім басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Ардагерлердің ұсыныс-пікірлеріне орай аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Совет Бабанаев, Қазалы ауданаралық ауруханасы бас дәрігерінің орынбарасы Күншығар Әбілов нақты жауап берді.
Ал, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қайрат Әбубәкірұлына жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында Ауған соғысы мен Тәжік-Ауған қақтығысы ардагерлерінің ерліктері туралы бильбордтар орналастыруға тапсырма берілді.
Атаулы датаға байланысты өткен шара аясында ардагерлер студенттермен кездесіп, Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің оқу материалдық-техникалық базасымен және республикалық «Жас маман» жобасы арқылы алынған заманауи құрал-жабдықтармен танысты.
16 ақпан 2022 ж. 432 0

Табиғаттың тілі жоқ

05 мамыр 2024 ж. 28

Шаттық ұялаған шаңырақ

04 мамыр 2024 ж. 82

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 92

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 61

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 96

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 104

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031