Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қайтарымсыз қаржы қалай таратылды?

Қайтарымсыз қаржы қалай таратылды?

Өткен жылы аудан бойынша 427 адам «Бастау-бизнес» жобасы арқылы кәсіпкерлік білім алған. Олардың 220-сы қайтарымсыз грантқа қол жеткізді. Ал инновациялық грант төрт кәсіп бастаушыға бұйырды.
Мемлекеттік гранттар бастапқы бизнесті іске асыруды жоспарлайтын бағдарламаға қатысушыларға өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы грант қаражаттары бұрын мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде грант алмаған бағдарламаға қатысушылар, жұмыссыз жандар, көпбалалы және табысы аз отбасылардың мүшелері, еңбек етуге қабілетті мүгедектер мемлекеттік гранттар алуға үміткер бола алады. Ал «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында ісін жаңа бастаған, инновациялық бизнес-идеясы бар кәсіпкерлер грантқа үміткер болады. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен грант беру – «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен реттеледі. Осы Қағидада грантты беру тәртібі, жобаларға мониторинг жасау, есептілігін жүргізу ережелері нақтыланған. Бағдарлама аясындағы грант қаражаттары Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы, «Бизнесті жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында қайтарымсыз грант – облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасымен ұсынылады.
Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша оқу дегеніміз – әртүрлі мамандыққа даярлану. Ол үшін жергілікті жұмыспен қамту орталықтарына тіркелесіз. Шаштараз, аспазшы, жиһаз құрастырушы, дәнекерлеуші сияқты мамандықтар бойынша қысқа мерзімді курстардан өтесіз. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсы – «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы базасында өтеді. Бизнес-жоспарыңызды дайындап, кәсіп бастағандағы мақсатыңыздың маңыздылығын комиссия алдында қорғайсыз.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асырып, мемлекеттік грант алуға үміткер тұратын жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінеді және мынадай құжаттарды ұсынады. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант алуға өтініш береді. Екінші жеке басын куәландыратын құжат, әзірленген бастапқы бизнес-жоспар, кәсіпкердің бағдарлама шеңберінде оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі, кәсіпкердің атынан өтініш беру құқығына сенімхат, сенім білдірілген өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және тұратын тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат қажет.
Берілген мемлекеттік грант қаражаты қажетті еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, жануарларды, малды, құстарды сатып алу үшін нысаналы мақсатта пайдаланылады. Ақшаны тұтынушылық бағыттарға, кредит қарыздарын өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдердің өндірісіне және жалдау ақысы ретінде берілмейді.
Мемлекеттік гранттардың мақсатты пайдаланылуына мониторингті Кәсіпкерлер палатасы жүргізеді. Бағдарламаға қатысушы мемлекеттік грантты алған күннен бастап үш ай ішінде оның нысаналы пайдаланылуын Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық органдарында өз қызметін тіркеу немесе бірыңғай жиынтық төлемді төлеу арқылы растайды. Кәсіпкерлер палатасы шарт жасасқан күннен бастап он екі ай ішінде қаражаттың мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізеді және жобаны сүйемелдеу бойынша сервистік қызмет көрсетуге маркетингтік, заңдық, бухгалтерлік және басқа да қызмет түрлерімен жәрдемдеседі. Грант иегері мониторинг барысында грант қаражаттары мақсатсыз пайдаланылып, басқа бағытта жұмсалғаны анықталса, талапқа сәйкес, ол жөнінде бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне грант қаражаттарын қайтару бойынша тиісті шешім қабылдау үшін жолданады. Өңірлік үйлестіруші грант қаражаттарын бюджетке қайтару бойынша тиісті жұмыстар атқарады.
Кәсіпкерлер палатасы жаңа бизнес-идея­ларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарды алуға үміткерлердің өтініштерін қарау үшін атқарушы билік органдары, қоғамдық бірлестіктер, ғылыми-білім беру мекемелері, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, салалық сарапшылардың қатысуымен құрамы кемінде 5 адамнан тұратын комиссияны құрады. Комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан және комиссия мүшелерінен жинақталады. Жергілікті атқарушы органдар мен Кәсіпкерлер палатасының өкілдері комиссияның төрағасы бола алмайды. Комиссияның хатшысы комиссия отырыс­тарын ұйымдастыруды жүзеге асырады. Төрағамен келісу бойынша отырыстар өткізілетін орынды, күнін және уақытын айқындайды. Комиссия мүшелерін алдағы отырыс туралы хабардар етеді, отырыс өткізу үшін қажетті материалдарды оның мүшелерінің назарына жеткізеді. Комиссия хатшысы оның құрамына кірмейді және шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы болмайды.
Қазалыда «Бастау-бизнес» бойынша оқығандардың басым көпшілігі мал шарушалығымен айналысуда. Олар жылқы, сиыр, қой, ешкі төлдерін алған. Бірі мал басын көбейтсе, енді бірі бордақылаумен айналысуда. Солардың қатарында кент тұрғыны Қайрат Жәнібеков бар. Ол мемлекеттен алған 583 400 теңгесін 16 бас қой алуға жұмсаған.
– Қазір қорамда 11 бас мал бар. Көктемде жаңа туылған қозыларды алып, бордақылауды жоспарлап отырмын. Ең аз дегенде екі ай бағамын. Бағасы қалтаға қонымды. Салмағына қарай түрліше болады, – дейді ол.
Бұдан соң дәнекерлеу цехын ашу мақсатында қайтарымсыз қаржы алған Жеңісбек Садуовке хабарластық. Тапсырыс алып, жұмыс барысында жүрген Жеңісбек бұл қаржының үлкен көмегі болғанын жасырмады.
– Бұрын цехта жұмысшы болып жүрдім. «Бизнес-бастау» жобасы бойынша білім алып, жеке кәсіп бастауға бел будым. Қазір нәтижем көңіл қуантады. Керек құрал-жабдықтардың барлығын алдым. Күнделікті жұмысым бар, табысым да жаман емес, – дейді.
Кәсіп бастауға берілетін қаржыға көп балалы аналар да қол жеткізе алады. Өмірге алты бала әкеліп, тәрбиелеп отырған Маржанкүл Әлімбет жартылай дайындалған өнімдерді шығарады. Ол мұздатқыш, еттартқыш және пеш алған.
– 2006 жылдан бастап қолдан тұшпара түйіп, сатамын. Мұздатқышым бұзылып қалып, жұмысым тоқтап қалған еді. Өткен жылы 583 400 теңгені алу бұйырып, құрал-жабдықтарымды жаңалап, кәсібіме қайта жан бітті, – деген ол алда үлкен аппаратты алсам деген мақсаты барын айтты.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
14 ақпан 2022 ж. 1 640 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 46

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930