Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі теміржол бойындағы елді мекендерді аралады

Аудан әкімі теміржол бойындағы елді мекендерді аралады

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев теміржол бойында орналасқан елді мекендерді аралап, тұрғындармен кездесті. Негізгі мәселе халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, жем-шөп әзірлеу барысымен танысу.

Ойынды, Көбек, Майлыбас, Еңбекшіқазақ елді мекендерінің тұрғындары аудан басшысымен кездесуде ауыз су мәселесі өзекті екенін айтып, көп жылдардан бері шешілмей келе жатқанын жеткізді. Бұл мәселе темір жолдың бергі бетінде орналасқан Алтай бекетінде ғана оң шешімін тапқан.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Майлыбас бекетіндегі халықпен кездесуде «Арал» салынып жатқан кәсіпорындардың бірлескен дирекциясы» облыстық филиалының директоры Алтынбек Есеновке ұялы телефон арқылы хабарласып, тұрғындарды ауыз сумен қамту мәселесін шешу жолдарын қарастырды. Филиал директоры теміржол бойында орналасқан елді мекен халқына көмек қолын созатынын жеткізді. Өз кезегінде Майлыбас бекетінінің тұрғындары халықтың талап-тілегіне бей-жай қарамаған аудан әкімі Мұхтар Оразбаевқа алғыстарын жаудырды.


Одан бөлек, Алтай, Ойынды, Көбек бекеттерінің тұрғындары үйлердің құжаттарын рәсімдеу жұмыстары қиыншылық тудырып отырғандығын жеткізді.
Сондай-ақ, Алтай бекетінің халқы елді мекеннен бастауыш мектеп қайта ашылса деген ұсыныстарын білдірді.

Аудан басшысы теміржол бойындағы елді мекендерді аралау кезінде бастауыш мектептер мен Көбек бекетіндегі №5 су тарату бекетінің жұмысымен де танысты.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Майлыбас ауылдық округінің орталығы Ақсуат ауылына да арнайы барып, тұрғындармен кездесті.

Ақсуаттық ақсақалдар ауыл тұрғындары жем-шөп дайындау жұмыстарына қызу кірісіп кеткенін жеткізді. Алайда мал азығының бағасы шарықтап тұрғаны қиындық туғызып жатқанын тілге тиек етті.


Кездесуде аудан басшысы қысқы мал азығын дайындау жұмыстарына бей-жай қарамауға шақырды. Қажет болса шөп оруға болатын орындарды аудан аумағынан тауып беруге көмектесетінін айтты. Сондай-ақ, қажет болған жағдайда Ақтөбе облысының Ырғыз ауданынан да шөп әкелуге болатынын жеткізді.

Ал, арзандатылған жем сатып алу үшін «Азық-түлік корпорациясы» арқылы астықтық жемге өтінім беріліп, аудан бойынша бір жеке кәсіпкер жем тасымалдаушы оператор болып белгіленгенін айтты.

Сондай-ақ, тұрғындар келесі жылы Ақсуат ауылының құрылғанына 80 жыл толатынын айтып, осыған орай елді мекеннен аллея салу жөнінде ұсыныс айтты.
Сонымен қатар, ауылда әкімшілік ғимараты жоқтығын да тілге тиек етті.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Асуат ауылына сапары кезінде 90 орындық балабақша жұмысымен танысты.



Сондай-ақ, апаттық жағдайдағы көне әкімшілік ғимаратының да жай-күйімен танысты.
Тұрғындармен кездесуде аудан басшысымен бірге «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрғиса Жалғасбаев, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрлан Аманбай бірге жүрді.

"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
02 қыркүйек 2021 ж. 499 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930