Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көпірлер құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Көпірлер құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Аудан орталығы – Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының аралығындағы жолды кеңейту аясында екі көпірге жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазіргі таңда мердігер мекеменің жұмысшылары көпір үстіне асфальт төсеу үшін жұмысты қарқындатты. Басты мақсат – жақын арада екі көпір үстінен екі аралықта қатынайтын көліктерді жүргізу.

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев көпір басына арнайы барып, жүріп жатқан жұмыстың барысымен танысты. Құрылысшылармен тілдесіп, жұмыс ырғағын үдету қажеттігін айтты. Көпір басында аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев пен тиісті сала басшыларына жұмыстың уақытылы әрі салапы жүргізілуін қадағалауды тапсырды.
Аудан басшысы мұнан соң Басықара ауылына баратын жолдағы көпірге демонтаж жұмыстарын жүргізіп жатқан «Жылу – ХХІ» ЖШС директоры Көпжан Бижановпен кездесті.

Кездесу барысында серіктестік директоры аудан әкімі Мұхтар Оразбаевқа қазіргі таңда атқарылып жатқан жұмыстың барысымен таныстырды. Бүгінгі күні көпір құрылысына қажетті материалдардың біршамасы алынып, қалған бөлігін сатып алу үшін келіссөздер жүргізіліп жатқанын жеткізді.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
25 қыркүйек 2021 ж. 465 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930