Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада күріштің 4 716 гектарына орақ түсті

Қызылордада күріштің 4 716 гектарына орақ түсті

Аймақта күріштің 4 716 гектарына орақ түсіп, 2 495 гектары бастырылды. Әр гектарынан орташа 42,3 центнерден өнім алынуда. Бұл туралы брифингте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев мәлімдеді.
Облыста егінге орақ салу жұмыстарын жекелеген шаруашылықтарда тамыз айының 26 жұлдызынан басталса, ал жаппай егін жинауға қыркүйек айының 5 жұлдызынан бастап кірісуде.
«Күзгі егін жинау науқанын 10 қазаннан кешіктірмей аяқтауды жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта күріш танаптарынан су тарту шаралары атқарылуда», – деді басқарма басшысы.
Егін жинау жұмыстарына бөлінген 12,5 мың тонна дизель отыны белгіленген операторлар арқылы кестеге сәйкес алынуда. Егін жинау жұмыстарына қатысатын техникалар толық дайын. Барлығы 4266 бірлік техника қатысады. Бүгінде шаруашылық құрылымдарының қолында бар техникалардың әлеуеті егін жинау жұмыстарын мерзімінде аяқтауға толық мүмкіндік береді.
08 қыркүйек 2021 ж. 596 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031