Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жаңа туған нәрестелерге скрининг жүргізу жоспарлануда

Қазақстанда жаңа туған нәрестелерге скрининг жүргізу жоспарлануда

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Пилоттық режимде Қазақстан Республикасында тандемді масс-спектрометрия әдісімен алмасудың тұқым қуалайтын ауруларына неонаталдық селективті скрининг жүргізу бойынша пилоттық жобаны енгізу туралы нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрық жобасын дайындады, деп хабарлайды egemen.kz
Нұсқаулық тандемді масс-спектрометрия әдісімен алмасудың тұқым қуалайтын ауруларына неонаталдық селективті скринингті жаңа туған нәрестенің неонаталдық скринингі бағдарламасына енгізудің орындылығын анықтау мақсатында әзірленді.
Тұқым қуалайтын ауруларға неонаталдық селективті скрининг жүргізу жөніндегі пилоттық жобаға Денсаулық сақтау министрлігі айқындаған медициналық ұйымдар мен зертханалар қатысады.
Пилоттық жобаны іске асырудың үйлестірушісі «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ болып табылады.
Пилоттық жобаны 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 30 маусымға дейін іске қосу жоспарланып отыр.
«НБО-ға селективті скрининг пилоттық жобаға қатысатын медициналық ұйымда стационарлық емделуде жүрген 0-ден 28 күнге дейінгі жаңа туған нәрестелерде жүргізіледі», делінген құжатта.
Жаңа туған баланың қан үлгілерін тандемді масс-спектрометрияға жіберу туралы шешімді пилоттық жобаға қатысатын медициналық ұйым мамандарының консилиумы қабылдайды.
Талдау нәтижелері қан үлгілерін жіберген медициналық ұйымға беріледі.
Пилоттық жобаға қатысатын медициналық ұйымдардың тізімін «Ашық НҚА» сайтынан көруге болады, онда құжат 21 қарашаға дейін жария талқылау үшін орналастырылған.


15 қараша 2021 ж. 586 0

Доллар бағасы күрт арзандады

02 желтоқсан 2025 ж. 240

Аудан ажары арта түспек

02 желтоқсан 2025 ж. 130

Тазалық таразысы

02 желтоқсан 2025 ж. 129

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031