Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғалымдар дельта штаммның қауіпті мутациясы жайлы ескертті

Ғалымдар дельта штаммның қауіпті мутациясы жайлы ескертті

Кембридждегі Сенгера институтының ғалымы Джеффери Баррет пен Лондон Университеттік колледжінің ғалымы Франсуа Баллу коронавирустың үндістандық штаммының қауіпті мутациясы жайлы ескертті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Financial Times басылымына сілтеме жасап."Жақында "дельта" генетикалық эволюциясын бақылаған вирусологтар АҮ.4.2 нұсқасын анықтады. Қазір бұл штаммды Ұлыбританияның 10 пайызға жуығы жұқтырған", - делінген мақалада.
Ғалымдардың ойынша, жаңа мутацияның жұқпалылығы өзгелеріне қарағанда 10-15%-ға жоғары. Егер деректер расталса, АҮ.4.2 нұсқасы пандемия кезіндегі ең жұқпалы коронавирус болмақ.
Қазақстандық вакцинаның коронавирустың дельта штаммына тиімділігі дәлелденді
Қазір әлемде SaRS-CoV-2 дельта-мутациясы кең тараған. COVID-19 жұқтырғандардың басым бөлігі осы штаммды жұқтырғандар. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы бұл штаммнан да қауіпті нұсқа пайда болмаса, оның алдағы бірнеше айда басымдыққа ие болатынын айтқан еді.
Қазір вакцина алу коронавирустан қорғанудың тиімді әдісі болып отыр. Сонымен қатар Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы қыркүйектің соңында SaRS-CoV-2-ге қарсы иммунизациядан бас тартқандар арасында өлім санының көбейгенін мәлімдеген болатын.
Айта кетейік, бұған дейін дельта штаммның жаңа нұсқасы АҚШ-та да анықталғанын хабарлаған едік.
22 қазан 2021 ж. 451 0

Доллар бағасы күрт арзандады

02 желтоқсан 2025 ж. 239

Аудан ажары арта түспек

02 желтоқсан 2025 ж. 128

Тазалық таразысы

02 желтоқсан 2025 ж. 128

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031