Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирустың "дельта" штаммынан да қауіптірек түрі таралуда

Коронавирустың "дельта" штаммынан да қауіптірек түрі таралуда

Ұлыбритания ғалымдары коронавирустың "дельта" штаммынан да қауіптірек түрі таралып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Financial Times газеті жазады, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі 

Кембридждегі Сенгер институты мен Лондон университет колледжінің генетика институтының мамандарының айтуынша, AY.4.2 жаңа нұсқасы дельта штаммына қарағанда 10-15 пайызға жұқпалы болуы мүмкін. Егер бұл деректер расталатын болса, бұл вирус түрі аурудың таралуы бастанған уақыттан бері ең жұқпалы болуы мүмкін. Дегенмен дәрігерлер оны әлі де зерттеу үстінде.
Ғалымдардың топшылауынша, AY.4.2 нұсқасы жақында анықталып Ұлыбританияда COVID-19 жағдайының көбеюіне басты себеп болуы мүмкін. Жаңа нұсқа Ұлыбританиядағы инфекциялардың 10 пайызында тіркеліп жатыр және оның анықталған инфекциялардағы үлесі тез өсуде.

Ұлыбританияда соңғы күндері коронавирустық инфекцияның жаңа жағдайларының саны қарқынды түрде өсуде. Биліктің мәліметінше, Ұлыбританияда орта есеппен соңғы күндері тәулігіне 47 мыңға жуық инфекция жұқтыру 200-ден астам өлім жағдайы анықталған.
Мұнымен қатар AY.4.2 коронавирусының жаңа нұсқасы шетелден Израильге оралған баладан табылды, деп хабарлады Израильдің 12-ші телеарнасы елдің Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеп.
"Бұрын бірнеше Еуропа елдерінде табылған AY.4.2 штаммы бүгін Израильге шетелден оралған және Бен Гурион әуежайында сынақтан өткен 11 жасар балада анықталды", - делінген хабарламада.
Шетелден оралған бала жеке оқшауға алынғаны және ешкіммен байланысқа шықпағаны баса айтылады.
20 қазан 2021 ж. 352 0

Әлеуеті артқан ауыл

26 қараша 2024 ж. 65

Ереулі атқа ер салмай...

26 қараша 2024 ж. 57

Агросалада қарқын бар

26 қараша 2024 ж. 55

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930