Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауданда алты айда атқарылған істер ауқымды

Ауданда алты айда атқарылған істер ауқымды

Бүгін аудандық мәслихаттың кезекті VIII сессиясы өтті. Сессияға аудан әкімі М.Оразбаев, аудан әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау ұйымдары және облыстық бағыныстағы басқарма басшылары, қала, кент және ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлім басшылары қатысты.

Сессия отырысының күн тәртібіне енген мәселелердің негізгісі аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы жөніндегі есебі болды.
Сонымен қатар, Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелер қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ, қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі аудан әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші органның жыл сайынғы өз қызметінің нәтижелері туралы есебі; Аудандық мәслихаттың» Экономика, қаржы, бюджет және кәсіпкерлік» жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының есебі; «2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Қазалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы №535 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы; «Қазалы аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы» Қазалы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 26 тамыздағы №50 шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінің кейбір көшелеріне атау беру туралы; «Қазалы ауданының қала, кенті және ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» Қазалы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 8 маусымдағы №198 шешіміне өзгерістер енгізу туралы; «Қазалы ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» Қазалы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 сәуірдегі кезектен тыс ІV сессиясының №49 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер талқыланды.


Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша баяндама жасаған аудан әкімі Мұхтар Оразбаев баяндамасында 2021 жылдың 6 айында аудан экономикасының әр саласында жүзеге асырылған жұмыстар мен алдағы негізгі жоспарларға тоқталды.
Атап айтар болсақ, жыл басында 21,6 млрд. теңге болып бекітілген аудан бюджеті 22,7 млрд. теңгеге жеткен. Оның ішінде өз кірістеріміз 1,9 млрд. теңгені құраған. Бюджетке түсетін салықтар және басқа да міндетті төлемдердің түсімі 799,6 млн. теңгеге жоспарланып, нақты 1 млрд 13 млн. теңгеге немесе 126,7 пайызға орындалған.
Ауданнан Ресей, Украина, Қырғызстан, Ирак, Тәжікстан, Моңғолия елдеріне 1 678,2 тонна (1093 тн күріш, 509,7 тн балық, 75,5 тн қамыс) ауыл шаруашылығы өнімдері экспорталған.
«Өндірістік аймақта» жалпы құны 152 млн. теңгені құрайтын 6 жоба жүзеге асырылуда. Түрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында 517 адам 2,3 млрд. теңге қайтарымсыз грант пен несие алған.

Ауданда құрылыс саласында 13 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Жалпы ұзындығы 50 шақырымды құрайтын аудандық маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекенішілік 33 көше жол құрылыс жұмыстары атқарылуда. Одан бөлек, ауылдық елді мекендегі 11 көше жөндеуден өткізілуде.
Алдын ала жүргізілген есепке сәйкес, мал қыстату науқанына аудан бойынша 119 мың тонна шөп, 28,6 мың тонна жем қажет. Ауданымызға қажетті шөптің 70 пайызын, ал жемнің 20 пайызын аудан аумағынан қамтамасыз етіледі деп күтілуде. Қазіргі таңда аудан бойынша 61,3 мың тонна шөп дайындалды. Оның ішінде 11949 тонна шөп көрші аудандардан және Ақтөбе облысынан сатып алынған.
Аудандық мәслихат сессиясында алғашқы жартыжылдықтағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есеп берген аудан басшысы алда тұрған міндеттер мен жоспарлар жөнінде жан-жақты баяндады.
Сессия отырысында көтерілген өзге де мәселелер жайында хабарламашылар тыңдалып, аудандық мәслихат депуттары тарапынан оң шешім тапты.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
27 тамыз 2021 ж. 617 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 51

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930